Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚР энергетика вице-министрі Сәдібеков екі айға қамауға алынды
    Жаңалықтар

    ҚР энергетика вице-министрі Сәдібеков екі айға қамауға алынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.03.2018Updated:06.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сот энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды.

    2 наурызда Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты күдіктілер Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қарастырды. «Сот үкімімен күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. 3 наурызда Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты күдікті Бекзат Қадырберлин мен Жан Нұрбековті 2 айға қамау туралы үкім шығарған еді», — делінген сот баспасөз қызметінің өкілдері.

    Еске салайық, энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталғаны хабарланған еді.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д.Дуанбекпен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков мен мердігер компанияның өкілдері С.Жұмалинов мен Б.Қадырберлин қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді», — делінген ведомствоның хабарламасында.

    «2018 жылы өзен тазалауға бөлінген тағы 1,5 миллиард теңгені жымқыру дерегіне тосқауыл қойылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады агенттік өкілі Нұрлан Жахин.

    Ғани Сәдібеков 1967 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Түрлі жылдары (12.2009 — 12.2010 жылдар)Жамбыл облысы әкімі аппаратында басшы қызметін, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

    Ал энергетика вице-министрі қызметіне 2016 жылдың 3 мамырында келді.

    Дереккөз: Tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.