Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқарушы директоры Әлішер Пірметов: Тендер өткізу мерзімі екі есеге қысқартылады
    Жаңалықтар

    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқарушы директоры Әлішер Пірметов: Тендер өткізу мерзімі екі есеге қысқартылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» тендерлер өткізу мерзімін қысқарту бойынша іс-шара қабылдап жатыр. Сонымен қатар қордың ішіндегі сатып алулар позициялары 10 есеге қысқарған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына» компаниясындағы жаңа электронды сатып алулар форматы туралы өткен брифингте компанияның операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов айтты, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

    «Тендердің өткізілуінің алғашқы күнінен бастап келісімшарт жасалғанға дейін алатын уақыт 65 күнге созылады, бұл өте тиімсіз. Өйткені кез келген компанияның тауарға немесе қызметке сұранысы жоғары болады. Сондықтан тендерлер өткізу мерзімін екі есеге қысқартуға іс-шара қабылдап жатырмыз», — деді Ә. Пірметов.

    Тағы бір шешімін тапқан мәселе, қордың ішінде сатып алулар жүргізіліп келген 4,5 мың позицияның саны қысқартылған. Яғни, осыған дейін холдинг ішіндегі компаниялар кез келген тауарды, өнімді немесе қызметті сол холдинг ішіндегі компаниялардан сатып алған. Енді компания ішіндегі позициялардың азайтылуына орай, шағын және орта бизнес өкілдері осы сатып алуларға белсене қатыса алады.

    «4,5 мың позицияның әрқайсысын қарап шығып, егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізіп, оларды 10 есеге қысқарттық. Енді холдинг ішіндегі сатып алулар позициялары 424-ке дейін азайды. Осы арқылы шағын және орта бизнеске қосымша 300 млрд теңгеге тапсырыс беруге мүмкіндік алып отырмыз», — деп нақтылады компания басшылығы.

    Бұл шара бәсекелестік ортаны кеңейтіп, көрсетілетін қызметтің, тауардың сапасын арттырады. Сонымен қатар сатып алулар үшін компанияға бөлінген қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» аталған 424 позиция бойынша маркетинг жүргізеді. Яғни осы позициялар бойынша сатып алуларды қандай компания жүргізсе де, «Самұрық-Қазына» сол тауарға, қызметке немесе жұмысқа нарықта қалыптасқан бағаны анықтап, содан асырмау үшін арнайы бақылау жұмыстарын ұйымдастырады. 

    42

    «Алдын ала болжамға сәйкес, осының өзі компанияға бөлінген қаржыны 10 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді Ә. Пірметов.

    Сондай-ақ басқарушы директор сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету туралы айтып берді.

    «Кез келген компанияға, әлеуетті тауар берушіге қандай рейтинг берілді және ол қай сәйкестік деңгейінде, мұның барлығын ашық жариялайтын боламыз. Оны кез келген компания электрондық жүйе арқылы көре алады», — деді ол.

    «Самұрық Қазына» басшылығы қазір енгізіліп жатқан өзгерістермен шектеліп қалмай, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғаса беретінін айтты.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.