Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да мешіт имамы тұрғындарға терроризмді насихаттап келген
    Жаңалықтар

    ОҚО-да мешіт имамы тұрғындарға терроризмді насихаттап келген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында мешіт имамы тұрғындарға терроризмді насихаттап келген,- деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, 41 жастағы ауыл молдасы елімізде тыйым салынған діни ұйымға қолдау білдіріп келген. Оның Сирияда соғысып жатқан содырларға көмек көрсетуге үндеген және дін қызметкері бұл әрекетін 6 жылдан бері жүзеге асырып келгені айтылады.

    Ер адамның Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің имамы екені белгілі болды.

    Телеарнаның мәліметінше, имам орнынан босатылып, қамауға алынды.

    «41 жастағы Абдурапи Рахматуллаев Қарабұлақ ауылындағы орталық мешітте 6 жылдан аса имам болып қызмет еткен. Халқы 30 мыңнан асатын елді мекеннің мешітінде айт намазы күндері жамағаттың көптігінен ине шаншар бос орын болмай қалады екен. Міне, осы жерде дүйім жұртты аузына қаратқан имам көпшілікке Сирияда соғысып жүрген содырларды насихаттаған көрінеді. Оларға көмек көрсетіп, қолдау қажеттігін айтыпты. Алайда, бұл туралы мешіт қызметкерлері түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартты», — дейді телеарнадағылар.

    «Біз имамға бірдеме айтсақ, жала жапқан боламыз. Бізге айтуға болмайды. Біз ауылда бір-бірімізді танимыз ғой. Енді ол туралы ештеме айта алмаймын», — деді мешіт қызметкерлерінің бірі.

    Ауыл имамының іс-әрекеті тәртіп сақшыларын дүр сілкіндірді. Осы жылдың қаңтарында ол 2 айға қамалып, тергеу ісі басталып кеткен. Телеарнаның мәліметінше, кеше Сайрам аудандық сотында алғашқы отырыс өткізілді.

    «Сотталушы А.С. дейтін азаматқа байланысты ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түскен. Қазіргі таңда, қылмыстық іс қаралу барысында. Ол бойынша қабылданған шешімдер қосымша хабарланады», — деді Сайрам аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Сабыр Мейрамбаев.

    Телеарна мәліметінше, ауыл имамына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Оның қылмысы дәлелденетін болса, заңға сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері Сайрам ауданында лаңкестік іс-әрекетті насихаттағаны үшін 3 адамның сотты болғаны айтылады. Ал бұл төртінші жағдай екен.

    Дереккөз: tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.