Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-дағы Кентау қаласы толықтай табиғи газбен қамтылатын болады
    Жаңалықтар

    ОҚО-дағы Кентау қаласы толықтай табиғи газбен қамтылатын болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары  толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теңге бағытталып, газ таратушы құбырларының құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталған.  Онда  нөмері 14-ші  АГТС-тың  құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр жүйелері тартылыпты. Сондай-ақ, 1 трансформатор, 5 жайтартқыш, 1 прожекторлы діңгек  орнатылған. Сонымен қатар, контейнерге операторлық  блок орналасса, жылыту торабы, автоматтық одоризация блогы орын тепкен.

    Бүгінгі таңда Кентау қаласын және Хантағы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 67,8 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіпті.  Құрылыс жұмыстар ағымдағы жылы 3 кезең бойынша іске асырылып, қалаға газ беру ісі жүзеге асатын болады.

    Бұдан бөлек,  қалаға қарасты Қарнақ, Құшата және Байылдыр ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 33,8 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыс жобалары ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.

    Айта кетейік, бүгінде елді мекендерді газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Ж.Түймебаевтың бастамасымен 2017-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілген болатын. 2017 жылдың басында облыста 300 елді мекен газдандырылса, жоспарға сәйкес 3 жылдың ішінде қосымша 383 мекенге «көгілдір отын» жеткізілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 13 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлініп, жыл бойына 89 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілген.

    Ал 2018 жылы облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында  67 нысанның құрылысы жүргізіліп, 42 елді мекенге, яғни, 60,3 мың тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. Бұл облыстағы жалпы 386 ауылды, немесе тұрғындардың 46,2 пайызын қамтамасыз ету деген сөз.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.