Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаева Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы Матвиенкомен кездесті
    Жаңалықтар

    Назарбаева Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы Матвиенкомен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Д.Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің бірлескен отырысының қорытындылары туралы әңгімеледі. Сенатордың пікірінше, Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысымен қоса парламентаралық өзара іс-қимылдың осындай тетігі Еуразиялық ынтымақтастық жолында туындайтын нақты мәселелер мен кедергілерді жедел шешу үшін өте тиімді.

    В. Матвиенко екі елдің парламенттері жоғарғы палаталарының мүшелерін Қазақстан мен Ресей президенттерінің төрағалық етуімен жыл сайын өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына белсенді түрде атсалысуды ұсынды.

    Федерация Кеңесінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінде табысты төрағалық етуімен құттықтады және Д.Назарбаеваны биылғы қыркүйекте өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қатысуға шақырды.

    Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мен ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды.

    Мәскеуге жұмыс бабындағы сапар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері (министрлер) Тимур Жақсылықов және Марат Құсайыновпен кездесу болды.

    Еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылай келіп, Д.Назарбаева интеграциялық үдерістерді жария етудің жеткіліксіздігі жайында атап өтті. Сенатор ЕАЭО телевизиясын құру туралы ұсыныс айтты.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.