Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікқазақстандықтар «Шабыт» күнін атап өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікқазақстандықтар «Шабыт» күнін атап өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақсан облысында 1 наурыз – Алғыс айту күні аясындағы онкүндік шарасы «Шабыт күні» мерекесіне ұласты. Бұл күні облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік жиында түрлі этнос өкілдері қолдан жасаған түрлі туындыларын жұрт назарына ұсынды.

    Іс-шараның салтанатты ашылуына қатысқан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов 20 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтетін мерекелік іс-шаралардың мән-мазмұнына тоқталды.

    Жиында сөз алған облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, қолөнер шебері И.Рафиков 15 жылдан бері қазақ халқының зергерлік бұйымдарын жасаумен әрі насихаттаумен айналысып келе жатқанын айтты.

    «Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Әр туындының астарында терең мән-мағына бар. Осы дүниелер арқылы болашақ ұрпақ өзінің тек-танымын біліп, тарихи санасының жаңғыруына мүмкіндік алады», – деді Икрамжан Рафиков.

    Сондай-ақ, бұл күні облысымыздың барлық аудан, қалаларында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» атты шығармашыл дарын иелерінің қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылса, мектептер мен колледждерде тап осындай тақырыпта шығармашылық байқаулар өткізілді.

    Айта кету керек, ертең 1 наурыз – Алғыс айту күні аясындағы онкүндік шарасы «Көршіге ізет» мерекесімен жалғасатын болады. Ондағы мақсат – өңіріміздегі көршілер арасындағы қарым-қатынасты бекемдеу, көршіге құрмет көрсетуді насихаттау.

     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.