Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да жергілікті бюджеттің кірістері 17,4 пайызға артқан
    Жаңалықтар

    ОҚО-да жергілікті бюджеттің кірістері 17,4 пайызға артқан

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында     өткен жылы жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, 4 млрд.теңге қаржы артық түсті. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кірістері 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті.

    Оның айтуынша, облыс бойынша 2017 жылы мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 102,1 пайызға орындалып, жоспардан тыс 6,5 млрд. теңге қосымша кірістер түскен. Сондай-ақ, былтыр республикалық бюджет 101,3 пайызға орындалып, 2,5 млрд. теңге артық  түсіп отыр.

    Бұдан бөлек, ҚР Үкіметімен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, облыстық және аудандық, қалалық коммуналдық меншіктегі 21 нысанның 13-і электронды сауда-саттыққа қойылып, оның 10-ы жалпы 557,63 млн. теңгеге сатылған.

    «Сегіз нысан электронды сатылымға шығарылып, оның 7-і кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға жалпы 12183,7 млн.теңгеге берілді. Облыстық коммуналдық мүлікті сату бойынша былтыр 2016 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке 204 млн.теңге артық түскен», — деді Абдрахман Батырбекұлы.

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында облысқа жасаған сапары кезіндегі тапсырмасына сәйкес, салық салу базасын кеңейтуге және жергілікті бюджеттердің түсімдерін ұлғайту бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, облыс бюджеті қосымша 16,8 млрд.теңгеге ұлғайтылып, жалпы 124,4 млрд.теңгені құрады.

    Айта кетерлігі, өткен жылы бюджет шығыстарының 62,8 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Мәселен 2016 жылмен салыстырғанда білім беру саласына бөлінетін қаржы — 23 млрд. теңгеге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға — 13,2 млрд. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк саласына қаралатын қаржы — 7 млрд.теңгеге артып отыр.

    2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық коммуналдық меншіктегі тұрғын емес жайды жалға беруде 354 келісім-шарт түзіліп, нақты бюджетке 54,7 млн. теңге түсім түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 22,7 млн. теңгеге артқандығын көрсетіп отыр.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.