Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақ-өзбек автоөнеркәсібі көлік шығаруды арттырады
    Жаңалықтар

    Қазақ-өзбек автоөнеркәсібі көлік шығаруды арттырады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп шығарып жатқан жеңіл көлік санын 7 мыңға дейін жеткізу туралы келісімге келді. Алдағы уақытта ауылшаруашылық техникасы мен автобус та құрастырылуы мүмкін. Бұл көліктер қазірдің өзінде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Осылайша қазақ машина жасау өндірісі Елбасы Жолдауында айтқан төртінші өнеркәсіптік ревалюцияның жаңа дәуіріне қадам баспақ.

    Әндіжандағы машина жасау зауыты көліктің бес түрін шығарады. Мұнда жанармай шығыны аз, шағын машиналардан бастап жол талғамайтын темір тұлпарға дейін құрастырылады. Кәсіпорын бүгінде сол көліктерге қажетті қосалқы бөлшектердің 75 пайызын өздері шығарады екен.

    Кәсіпорындағы алып қондырғыдан шығып жатқан қосалқы бөлшектердің басым бөлігі Қазақстанға жіберіледі. Өзбекстандық мамандар енді жол талғамайтын көліктің жаңа түрін ойлап тауыпты. Бұл бұйыртса тұтастай отандық өнім болады, дейді зауыттағылар.

    Иқболжан Ташабосов, зауыттың сапа бөлімінің басшысы:

    — Жаңа «ТРЕКС» деген жол талғамайтын көлік. 2020 жылы шығаруды бастаймыз деген жоспар бар. Барлық бөлшектері зауыт линиясында жасалады. Конвейерден шығып жатқан әрбір екінші көлік экспортталады. Болашақта бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

    Қос тарап биылдан бастап бірлесіп құрастыратын көлік санын 7 мыңға дейін жеткізбек. Бұл екі елдің машина жасау саласындағы ынтымақтастық байланысының екінші кезеңінде атқарылатын маңызды шаруалардың бірі болмақ. Бауырлас елдер ұзақ мерзімді стартегиялық жоспардың арқасында ішкі нарықпен қатар көрші елдерде сұранысқа ие  жеңіл машинаның жаңа түрін құрастырып шығаруға қол жеткізді. Ол көліктер  бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

    Ерік Өтембаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

    — Машина жасау өндірісіндегі кооперациялық байланыс үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Соның негізінде өндірістің тағы бір жаңа  түрін қалыптастырдық. Бұл Елбасы жолдауында айтылған жаңа өндірістік ревалюция негізінде бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі өндіріс орынын құруға мүмкіндік берді. Біз машина жасау саласы бойынша ғана емес ішкі нарықта сұранысқа ие ауылшаруашлығы техникаларын шығаратын кластер құру жағын да қарастырып жатырмыз. 

    Өзбекстанда бірнеше машина жасау өндірістік аймағы құрылған. Әндіжанда жеңіл көлік. Самарқандта автобус. Ал Ташкентте ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады. Болашақта екі ел арасында ірі машина жасау кластерін құру жоспарланып отыр. Оған қоса қосалқы бөлшектер де жергілікті жерде шығарылмақ. Яғни автоөндірістегі отандық үлес салмағын арттыру бірінші межеде тұр.

    Дереккөз: 24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.