Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Министр: мешіт салудың жаңа ережесін бекіту керек
    Жаңалықтар

    Министр: мешіт салудың жаңа ережесін бекіту керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Updated:22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгінде Қазақстанда 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін ғибадатхана салуда рұқсат беретін айқын стандарттар керек. Мәселен ғибадатхана салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    16

     

    © Foto: служба центральных коммуникаций

    Министр: сауапты іс жасау үшін тек мешіт салу міндетті емес

    «Ғибадатханаларды, соның ішінде мешіттердің де құрылысын тәртіпке келтіретін уақыт жетті. Мұсылман үшін мешіт – Алланың үйі, ол таза, күтілген болуы керек. Келуші жамағаттың санына сәйкес болуы, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, айналасына кедергі келтірмегені абзал. Мәселен, егер де мешіт немесе шіркеу қараусыз қалса, жамағат аз келсе, егер ғибадатхана халық көп жүретін көшенің бойында салынып, бірақ көлік қоятын орындары болмаса, егер қатты дыбыстар немесе қоңыраулар сол жердегі тұрғындардың мазасын алса, онда бұл құбылыс тек жағымсыз әрекеттерді туғызатыны анық. Өкінішке қарай, бізге мұндай шағымдар түсіп жатыр. Кейде мешіт салу сәнқойлық болып саналады, ал мешітте имамның болмауы немесе оны ұстап тұру жергілікті қауымға ауыр тиетіні назарға алынбайды. Салдарынан кейбір жерлерде мешіт ғимараттары сатылымға шығарылып жатыр. Құдайшылық іс бұл тек мешіт немесе шіркеу салу ғана емес», — деді министр алқа отырысында.

    Ермекбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3601 мешіт бар, бірақ оның 84-і қаңырап бос тұр.

    «Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханаларды салуда рұқсат беретін айқын стандарттар болуы керек. Соның ішінде жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілік ережелерін енгізу керек», — деді ведомсто басшысы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.