Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жаңа «Жомарт жүрек» сыйлығы тағайындалады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда жаңа «Жомарт жүрек» сыйлығы тағайындалады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    «Азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын қазақстандықтарды қоғамдық ынталандыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар көтермеленуге лайықты. Сондықтан, Азаматтық қоғам істері комитетіне туған жерінің дамуына өз өмірін және табысының бір бөлігін арнаған азаматтарды мадақтау үшін «Жомарт Жүрек» салтанатын ұйымдастыруды тапсырамын», — деді министр Нұрлан Ермекбаев.

    Министрлік қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша «Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыруда. Шағын бағдарлама жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардың, ҮЕҰ-дың, еріктілердің, меценаттар мен бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

    Шағын бағдарлама шеңберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары. 2017 жылы шағын бағдарлама аясында жалпы құны 43 млрд 530 млн теңгені құрайтын 1197 жоба аяқталды.

    «Бұл жобалар аясында елімізге «халықтық» инвестициялар түрінде ауқымды көмектер жасалды. Азаматтар, негізінен кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салуға, оларды реконструкциялауға және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат сала бастады», — деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.