Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Депутат жасөспірімдер арасында суицидтің белең алғанына алаңдаушылық білдірді
    Жаңалықтар

    Депутат жасөспірімдер арасында суицидтің белең алғанына алаңдаушылық білдірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов жасөспірімдер арасында суицидтің белең алғанына алаңдап, осы мәселе туралы Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «Өкінішке қарай, 2018 жыл басталғаннан өзін-өзі өлтіру оқиғалары тізбектеліп кетті. Теміртауда өзін мойынорағышпен буындырған он жасар қыз қайтыс болды. Қарағандыдағы №23 орта мектебінде 7-сыныпта оқыған қыз болжам бойынша желілік ойындарға елігіп суицидке барған. Ата-аналары мен мұғалімдерінің айтуынша, екі қыз да өте жарқын мінезді, мектепте жақсы оқыған, біреуі спортпен айналысқан. 10 ақпанда Шымкентте 16 жастағы жасөспірім асылып өлді. Әпкесі қайғылы жағдайға душар болатын күні сіңлісінің жоғары сынып оқушылары үшін ақша сұрағанын айтады», — деді Артур Платонов.

    Депутат мұндай оқиғаларды тергеу жұмыстарымен құқық қорғау органдары айналысса да, бұл проблеманың заңнамалық тұрғыда ғана емес, одан да тереңірек екенін айтады. Ол еліміздің кәмелетке толмағандар арасында суицид жасаудан көш басындағы елдердің бірі және мектеп жасындағы және білім алатын жастар арасында 100 балаға шаққанда аяқталған суицид деңгейі 5 оқиғаға тең екенін жасырмады.

    «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен суицидтің алдын алу және сауықтыру бойынша мемлекеттік жобасы ұсынылды. Бағдарлама ақпараттық, оқыту және қауіпті топтарды анықтап, оларды сақтандыру секілді кезеңдерден тұрады. Бұл жүйе 2015 жылы пилоттық тәртіпте Қызылорда облысында жүргізіліп, оң нәтиже көрсетті. 2016 жылдан бастап 2017 жылы еліміздің барлық өңірінде суицидтен сақтандыру жобасы кезең-кезеңімен іске қосылуы тиіс болды», — деді Артур Платонов.

    Ол кәмелетке толмағандар арасында суицидке бару проблемасын мемлекеттік деңгейде жедел шешуді және Ерболат Досаевтан министрліктерге, ведомстволарға, жергілікті атқару органдарына келесідегідей шараларды қарастыруды тапсыруды сұрады.

    «Облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне жоғарыда көрсетілген хаттаманы орындау бойынша шаралар қабылдауға; білім беру және денсаулық сақтау өкілдерінің ведомствоаралық әрекеттері бойынша жергілікті атқарушы органдар үйлестірушісін белгілеу және көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, станционарларда соматикалық бағытта емдеу; алайда мұндай оқиғалар көбінесе есепке алынбайды да жасөспірімдер ауруханаға жатқызылмайды; мемлекеттік формада қолдап, кәмелетке толмағандар арасында қиын жағдайға тап болғандарға арнайы әлеуметтік көмектер көрсетіп, сенім телефондары арқылы қоғамды ақпараттандыруды қамтамасыз ету», — деді Артур Платонов.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.