Жалпы 25 келі палау пісіріліп, барлығы бір күнде таратылды
«Жас Отанның» белсендісі өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула спырып, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін бағалап, алғыс айту мақсатында, сондай-ақ, үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратты, деп хабарлайды Today.kz.
Жалпы 25 келі палау пісіріліп, барлығы бір күнде таратылды.
22 жастағы студент осыған дейін де балалар үйі тәрбиеленушілері, мүгедек, сал ауруымен ауыратын балалар мен қарттар үйіндегі егде адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетеіні, Айбар көзі көрмейтіндерге брайль шрифінде кітап шығарған.
«Жасаған жақсылығыңды жар салуға болмайды» десе де, Айбар секілді жастардың әрекеті басқаларға үлгі болу керек. Еріктілердің айтуы бойынша, 1 наурыз — Алғыс айту күніне де қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұр.