Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да Алғыс айту күніне орай 10 күндік өтеді
    Жаңалықтар

    ОҚО-да Алғыс айту күніне орай 10 күндік өтеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірде биыл 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде аталып өтілмек. Жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар оңтүстікте 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін 10 күн бойы жалғасады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті.

    Оның айтуынша, елді бірлікке үндейтін мерекенің түпкі мәні – кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа алғыс айтуын көздейді. Он күндік мерекені жер-жерлерде ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасы әзірленіп, әр күнге арнайы атаулар берілген.

    «20 ақпан – Тарихқа тағзым күні деп белгіленді. Бұл күні облыста, аудан, қала орталықтарында қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні туралы арнайы көрме өткізіледі. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, тарихқа тағзым жасалады», — деді Мұратәлі Оразалыұлы.

    Сонымен қатар, 21 ақпан – Қайырымдылық күнінде облыс аумағында «Жан жылуы» тақырыбында акция ұйымдастырылып, жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек беріледі. 22 ақпан – Шабыт күнінде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында өңірдегі қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылмақ.

    Бұдан бөлек, 23 ақпан – Көршіге ізет, 25 ақпан – Құрмет, 26 ақпан – Өлкетану, 27 ақпан – Келісім, 28 ақпан – Ықылас, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп белгіленіп, әр күндері атауына сай шаралар өтетін болады.

    Айта кетерлігі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Өңір тұрғындарының ұлттық құрамы бойынша 72,9 пайызын — қазақтар, 16,8 пайызын — өзбектер, 4,5 пайызын — орыстар, ал 5,7 пайызын — өзге этностар құрайды. Облыста қалыптасқан этносаралық ахуалды саралау мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.

    Сонымен қатар, медиация институтын нығайтуда өңірдегі 57 кәсіби және 485 кәсіби емес медиатормен байланыс орнатылған. Өткен жылы облыс бойынша медиация рәсімімен шешілген 8 мыңнан астам даудың 84 пайызы медиаторлардың араласуымен реттеліп, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе артып отыр.

    Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының толыққанды жаңарған этнокартасы дайындалып, өңірдегі ассамблея қызметі туралы кітап әзірленетін болады. Сондай-ақ, биыл 5 аудан, қала аумағында «Достық» үйлері ашылады. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әр этностың бренді» жобасы аясында ассамблея алаңында тұрақты шеберлік дәрістері мен ашық көрмелер ұйымдастырылмақ.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.