Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да тасқын судан қауіп жоқ
    Жаңалықтар

    ОҚО-да тасқын судан қауіп жоқ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан қауіп және тұрақты бақылауда. Бүгінгі таңда аудан, қалаларда тасқынға қарсы штабтар құрылып, тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Облыс аумағындағы барлық су қоймалары мен өзен көлдерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгін бұл туралы селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

    Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі су қоймаларының орташа толуы 35-60 пайызды құрайды. Қаңтар айының соңында ауа-райының қатты суық болуының салдарынан Сырдария өзенінде мұз қатқан. Қазіргі таңда мұз еріп, өзен бойында орналасқан аудандарда жағдай бақылауға алынған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан «Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені» жол картасына 98 инженерлік шаралар енгізілген.

    «Жол картасына сәйкес 2017 жылы 247 елді мекенде төтенше жағдайдын алдын алу және жою бойынша 42 шара ұйымдастырылды. Бұл мақсатқа 3,5 млрд. теңге бағытталған. Бадам, Келес, Шаян өзендерінде арна түзеу, қорғаныс дамбалары және 2530 метр жаға бекіту мен 3,08 шақырым бөгет тұрғызу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, 352,3 шақырымдық бұрыннан бар дамбалар нығайтылып, 49 шақырым жаңа бөгеттер салынды. Бұдан бөлек, 52,5 шақырым өзен жағалаулары бекітіліп, 673,3 шақырым арық-каналдар, 397 бірлік су өткізу құбырлары тазаланды. Жергілікті халықты хабардар ету үшін дабыл беру қондырғылары сатып алынды», — деді Жансейіт Түймебаев.

    2018 жылға жоспарланған тасқынға қарсы 39 іс-шараға жалпы 2,6 млрд. теңге қаралып, бүгінгі таңға сметалық құжаттар толық дайындалған. Облыстық бюджеттен 18,5 млн. теңге бөлініп, жаңадан салынатын су қоймалардың орындарына зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде су жинақтау көлемі 378,64 млн. текше метрді құрайтын 26 су қоймасын салу қарастырылуда.

    Республикалық бюджеттен су жинақтау көлемі 340,5 текше метрлік 3 нысанның құрылысы жүргізіледі. Нәтижесінде жаңадан 9000 гектар суармалы жер айналымға қосылатын болады. 23 нысан облыстық бюджет есебінен салынып, жаңадан 8440 гектар суармалы егістік қолданысқа енгізілмек.

    Сырдария өзені бойында орналасқан Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5,2 млрд текше метрді құрайды. Бүгінгі таңда мұнда секундына мың текше метр су келіп, жиналған су көлемі 3 млрд. 185 мың текше метрге жеткен. Су қоймаға жиналған су көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 036 млн текше метрге аз. Сондай-ақ, қазіргі таңда Көксарай су қоймасында 1 млрд. 739 мың текше метр су жиналды.

    Өңірде қар мен жауын-шашынның 40-50 пайызға аз түсуіне байланысты тасқыннан айтарлықтай қауіп күтілмейді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.