Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркияда Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті
    Жаңалықтар

    Түркияда Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Түркияда «Кастамону — 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман мен Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз қатысты. Сондай-ақ жиынға Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркия қалаларындағы губернаторлар мен əкімдер, Түркі елдерінің өкілдері мен Мағжан Жұмабаев туған Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет қызметкерлері жəне Қазақстандық ақын-жазушылар да арнайы шақырылды.

    Жиында туғанына 125 жыл толған айбынды ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алған түркі жұрты оның ғұмыры мен шығармаларынан сыр шертер бейнефильм мен Солтүстік Қазақстан облысы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көптің құрметіне бөленді. Айта кетерлігі, Мағжан өлеңдері түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шыққан.

    «Атаулы жыл аясында желтоқсан айына дейін көптеген іс-шаралар мен түрлі кездесулер өткізілетін болады. Мағжан Жұмабаев жылына арналған арнайы бағдарламалар тек Кастамону қаласында ғана емес, Түркияға қарасты басқа қалаларда да ұйымдастырылады» — дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

    Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің Түркістан қаласында өткен ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысында Түркі елдерінің 2018 жылғы мəдени астанасы деп Кастамону қаласы бекітілген болатын. Осы орайда, 50-ден аса іс-шараларды өткізу жоспарға алынған. Мағжан Жұмабаевты еске алып, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға арналған іс-шара 19 ақпан күні Анкара қаласында жалғасады. Ал 21 наурыз күні «Кастамону — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.