Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Теледидар қазақстандықтар үшін ақпараттың негізгі көзі болып қала береді
    Жаңалықтар

    Теледидар қазақстандықтар үшін ақпараттың негізгі көзі болып қала береді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде Қазақстан тұрғындары үшін негізгі ақпарат көзі бұрынғыдай теледидар болып қала беретіні анықталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Дәурен Абаев сандық эфирлік және жолсеріктік хабар таратуға қатысты сұрақтарға тоқталып өтті. Бүгінгі таңда 1,3 млн қолданушы OTAU TV қызметіне қосылған. Жақын арада тұрғындарды сандық эфирлік телерадио хабар таратумен қамту аумағын айтарлықтай кеңейту жоспарланған.

    «Ғаламтор да өз аудиториясын кеңейтіп келе жатқаны сөзсіз. Дегенмен біз жүргізген әлеуметтік зерттеу жұмысы көпшілік үшін негізгі ақпарат көзі бұрынғыдай теледидар екендігін көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 63 пайызы жаңалықтарды көгілдір экран арқылы көретіндерін айтады. Ал ғаламтор туралы айтатын болсақ, көрсеткіш 38 пайыз ғана болып тұр. Мен ғаламтор мен теледидарды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың қате екендігіне көз жеткіздім. Олар қатарласа дами алады. Әрине, жаңа технологиялардың арқасында теледидар бұрынғыдай болмайды, бірақ қолданыстан шығып қалады деген болжам жасауға әлі ерте», — дейді Абаев.

    Министр пікірінше, басылым беттері сандық технологиялармен бәсекелесе алады. City University of London зерттеуінше, The Guardian оқырмандары газеттің қағаз түріндегі нұсқасына күніне 43 минут уақытын жұмсаса, онлайн нұсқасы үшін 41 секунд қана жұмсаған. Танымал экономист Мэтью Генцков газеттің онлайн-нұсқасын оқуға арнаған бір сағаты үшін 4,24 доллар кететінін есептеген. Ал газеттің қағаз нұсқасын оқу үшін небәрі 1,57 доллар жұмсалады.

    «Осыған байланысты телевизиялық хабар таратудың дамуына біз ерекше көңіл аударатын боламыз. 600 мыңға жуық қазақстандық отбасы спутниктік тарелкаларды қолданады, бұл шамамен 1,5 миллион адам», — деп түсіндіріп өтті Абаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.