Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
    Жаңалықтар

    ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат жиынында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Облыс әкімінің өкіміне сай бұл лауазымға бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Алмасхан Сматлаевтың төрт жоғары білімі бар. 2011 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар АҚШ-тың Пельсинвания штатындағы Блумгер университетінде «халықаралық экономика» бакалаврын алды. 2012 жылы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде «қаржы және несие» мамандығын меңгерді. 2015 жылы аталған білім ордасында «Мемлекеттік және муниципальді басқару» магистрі біліктілігін иеленді.

    Еңбек жолын 2009 жылы Мәскеу қаласында «Корал Групп» ЖШҚ бас директорының орынбасары лауазымында бастады. 2011 жылдың қарашасында «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» ЖШҚ бас директоры болып тағайындалды. 2012-2014 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі Секретариатының консультанты, кейін кеңесшісі болып қызмет атқарды.

    Жаңа орынбасарын таныстырған Даниал Ахметов Алмасхан Сматлаевқа аймақтағы қаржы тәртібін күшейтуге, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы көздеріне баса назар аударуды тапсырды.

    Бұған дейін аталған лауазымын иесі болған Ринат Мұратұлы Омаров енді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.