Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді
    Жаңалықтар

    Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері төрт айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Әкімдіктегілердің оларға қарызы 70 миллион теңгеден асқан. Бірақ шенеуніктер мектепке дейінгі білім беретін мекеме қызметкерлері алдындағы бережақтан құтылуға асығар емес. Олардың құр уәдесіне тойған тәрбиешілер білім бөлімін басып алды.

    Шыдамның да шегі бар! Бұған дейін азғантай айлыққа шүкіршілік етіп келген ақтөбелік балабақша тәрбиешілері апта соңында ашуға мінген. Өйткені, жаңа жылды жалақысыз қарсы алса да жақ ашпапты. Енді маңдай термен тапқан теңгесін төрт ай бойы бермеген шенеуніктерге сенуден қалған. Бастықтарына қарсы шығудан қаймығатын олар бүгін керсінше білім бөлімін басып алды. Ақтөбеде балабақша тәрбиешілерінің алатын айлығы 50 мың теңгеден әрі аспайды. Енді бұл да қолдарына тимей қарызға белшеден батып отырғандарын айтады.

    Гүлжаһан Мейірманқызы, балабақша тәрбиешісі:

    -Бұл жерге еріккеннен келген жоқпыз. Біз төрт айдан бері жалақы алған жоқпыз. Үйде балаларымыз бар. Мен көп балалы анамын. Жеті балам бар. Жолдасыма жақында операция жасалды. Оған өте жақсы күтім керек жүрегіне. Ал біз әлі күтіп жүрміз ақшаны мысалы. Біздерге береміз, береміз деп алдайды.

    Ақтөбедегі балабақша қызметкерлеріне әкімдіктегілердің қарызы жетпіс миллион теңгеден асқан. Осы күнге дейін тәрбиешілерді құр уәдемен тойдырып келген олар бұл жолы да үйреншікті әдеттерінен айныған жоқ.

    Рустам Әлжанов, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

    -Қаражат толық бөлінбегеннің кесерінен біздерде  кредиторлық берешек пайда болды. Қазіргі таңда ол жылдың аяғына 70 миллион теңге құрады. Қазіргі таңда және алдағы дүйсенбі күні қаражат түседі деген ойдамын. 

    Әкімдіктегілер әзірге тәрбиешілердің жаңа жылға дейінгі жалақыларын төлемекші. Жетпіс миллион қарыз сол уақытқа дейінгі есеп екен. Ал олардың қаңтардағы айлықтарын енді қашан алатындарын шенеуніктер нақты айтпай отыр. Ең қызығы, бюджет шығынын бекіткенде білім бөліміндегілердің қайда қарағаны белгісіз.

    Дереккөз: ktk.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.