Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев Жұмағалиевке цифрландыру туралы: Мына сөзіңді шалғайдағы қойшы түсінбейді
    Жаңалықтар

    Назарбаев Жұмағалиевке цифрландыру туралы: Мына сөзіңді шалғайдағы қойшы түсінбейді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Сен мұны нақтылап түсіндіруің керек. Қайдан пайда болды, не үшін пайда болды, бұрын жоқ еді ғой» — Н. Назарбаев

    Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасындағы цифрландыруды жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

    «Мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге немесе жоюға, транспаренттілікке әкеледі. Осыған байланысты бүгінгі күні біз барлық қызметке толықтай талдау жүргіземіз, кейбір қызметтер түрін мемлекеттік қызметкердің қатысуынсыз іске асыруға болатынын түсінеміз», — деді Асқар Жұмағалиев.

    «Міне, Асқар, қазір басшыларға арналған семинар болып жатыр, егер сен дәл осындай тілде түсіндіретін болсаң …», — деді Н.Назарбаев.

    «Қиын болады. Солай ма?», — деп сұрады А. Жұмағалиев.

    Мемлекет басшысы қиын екенін айтты.

    «Шалғайдағы қойшы түсінбейді, тіпті сауатты адамның өзі де цифрландырудың не екенін түсіне алмайды. Сен мұны нақтылап түсіндіруің керек. Қайдан пайда болды, не үшін пайда болды, бұрын жоқ еді ғой», — деді Н. Назарбаев.

    Сонымен қатар, ҚР Президенті Ақпарат және байланыс министрлігінің басшысы Дәурен Абаев пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке IT-индустриясына мамандарды дайындау және цифрландыруды түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

    «Мен Дәурен Абаевқа телеарналарда, орталық, облыстық газеттерде, цифрландыру туралы бағдарлама, айдар ашып, оның қандай пайдасы бар, қай жерде қолданылып жатыр, қандай жетістікке жетті, неліктен пайда болды, жалпы ол не екенін түсіндіруді ұсынамын. Яғни жалпыға бірдей жаппай оқыту қажет. Ерлан (Сағадиев), оны мектептен бастау керек. Болашақта олар осы салада жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта, 2030 жылы келетін экономика үшін мүлдем басқаша балалар болуы қажет. Білім саласында реформа жасауды тоқтатпайды деп бізді үнемі сынайды, басқа амалымыз бар ма. Болашақтағы балалар жаттанды нәрсені айтпай, өз бастарымен ойлануды үйрену керек», — деді Елбасы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.