• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте пәкістандық тауар өндірушілерінің көрмесі өтпек

09.02.2018
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен өзара әріптестікті талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Пәкістан мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың басында орнап, дипломатиялық қатынастар саяси өзара әрекеттесудің жоғары деңгейі бар достық пен серіктестік бағытында дамып келеді. 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналым 54,5 млн. АҚШ долларын құрады. Пәкістанның Қазақстанға жөнелтетін экспорт көлемі 52,2 млн. АҚШ долларын құраса, Қазақстаннан Пәкістанға жеткізілетін импорттық тауарлардың көлемі 2,3 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

33

Ж.Түймебаев Оңтүстік өңіріне қызығушылық танытқан елшіге алғысын білдіре отырып, облыстың жоғары инвестициялық әлеуетіне тоқталып өтті. Пәкістан Ислам мемлекеті индустриялық-аграрлы ел саналатынына көңіл бөліп, осы бағыттағы жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігіне тоқталды.

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қазіргі таңда әкімдік әлеуетті инвесторлар үшін барлық жағдайларды жасап, қолайлы инвестициялық климат құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында 11 индустриалды аймақ пен 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы жобаларды іске асырушы инвесторлар үшін біз аталған аймақтан жер учаскелерін бөліп беруге әзірміз. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақта салық пен кедендік режимді енгізуге байланысты жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде облыстың эскпорт көлемі 1 млрд. АҚШ долларына жетіп, импорты 1,5 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бұдан бөлек, өңір қой еті мен сиыр етін  Иран мен Қытай  елдеріне және Біріккен Араб Әмірліктеріне шығарып келеді», -деді әкім.

43

Сондай-ақ аймақ басшысы гуманитарлық  және мәдени ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін жеткізіп, Пәкістанда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндерін өткізуді ұсынып, осындағы жоғарғы оқу орындарынан білім алуға жастарды шақырды.

Өз кезінде елші Абдул Салик мырза Оңтүстік Қазақстан облысымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін айтып,  әкім айтқан ұсынысты құптады.

«Сіз облыстың инвестициялық мүмкіндіктері мен тыныс-тіршілігін өте жақсы баян еттіңіз. Бұл іскерлігіңіз, өз ісіңіздің маманы екенін айғақтайды. Сіз айтқан барлық ұсынысты қолдаймын және бұл бағытта тиісті жұмыстарды атқаратын боламын. Бүгінде екі еле арасындағы тауар айналымы 54,5 млн. АҚШ долларын құрап отыр, ол өте аз. Бұл тауар айналым көлемі Пәкістан мен Оңтүстік Қазақстан облысының арасында ғана болатын жайт. Сондықтан да экономикалық қарым-қатынасты дамытуымыз қажет. Ол үшін тиісті жұмыстарды жүргізетін бірлескен жұмысшы топ құрып, бизнестің жол картасын әзірлеген дұрыс»,-деді Абдул Салик.

Мұнан бөлек, мәртебелі мейман қос елдің кәсіпкерлеріне тиімді ету үшін Оңтүстік Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы байланысын орнату мүмкіндігі мен визалық тәртіпті жеңілдету мәселесін  қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол осы жылдың мамыр айында Шымкент қаласында пәкістандық тауар өндірушілерінің көрмесін ұйымдастыруға қолдау білдіруін сұрады.

Осы ретте, өңір басшысы барлық айтылған ұсыныстарды қолдайтынын айтып, тауар өндірушілер көрмесін өткізуге дайын екенін  жеткізді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.