Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев: «Ештеңе таппаса да, тегін тамақтанып қайтады»
    Жаңалықтар

    Назарбаев: «Ештеңе таппаса да, тегін тамақтанып қайтады»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті тексеретін бақылау органдарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов елдегі бизнесті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жайлы баяндады. Сондай-ақ, ол бизнесті тексерудегі цифрландыру мәселесіне тоқталды. «Біз жаппай жүргізілетін тексерістердің көлемін қысқарттық. Қазір басқаша тексерістерді жүргізіп жатырмыз, цифрландыруға қатысты», — деді Абылай Мырзахметов. «Әр отырыс сайын біраз сөз айту керек. Барып тексеріп келу міндетті. Мысалы, өрт сөндіруші барып, оқиға орнын қарап шығып, ештеңе таппайды. Бірақ ол мейрамханада тегін тамақтанып қайта алады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Абылай Мырзахметов тексерістер кезінде жүргізілген заңбұзушылықтар айтарлықтай емес екенін айтады. «Биылдан бастап және былтырдан бері өздігінен реттеу жүйесі енгізіле бастады. Яғни, сіздің тапсырмаңызбек тексерістерді белгілі бір ассоциациялар жүргізеді — кәсіпорындар жекеменшік ұйымдарға айналып, мемлекеттің орнына бақылау жүргізе алады. Мұндай тәжірибе бар», — деді Мырзахметов. Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді. «Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек», — деген еді Президент Сағынтаевқа. Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.