• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақышев Елбасыға не жайлы баяндама жасады?

09.02.2018
0
Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндама жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің отырысында Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бағдарламаның бірінші бағыты «Үкіметпен бірге өткен жылы БТА Банкпен біріктірілгеннен кейін көп проблемаларға ұшыраған жүйе құраушы банк — Казкоммерцбанк толығымен қалыпқа келтірілді. Нәтижесінде БТАБанкке берілген кредитті Проблемалық кредиттер қоры сатып алды, ал Казкоммерцбанктің өзі қайта капиталдандыру бойынша міндеттемелерге айырбасталып, стратегиялық инвесторға сатылды. Мемлекеттік қолдау арқасында халықтың депозиттері, 4,5 триллион теңге сомадағы мемлекеттік және жеке компаниялардың қаражаты сақталды», — деді Ақышев. Бағдарламаның екінші бағыты «Әлеуметтік маңызды және нарыққа біршама үлесі бар ірі банктерді қолдау. Ұлттық Банк барлық банк жүйесі активтерінің 28 пайызын құрайтын 5 банктің қатысуын мақұлдады. Оларға халықтың 2 триллион теңгеден астам депозиттері және квазимемлекеттік компаниялардың 2,2 триллион теңге депозиттері мен шоттары орналастырылған.Бағдарламаның шеңберінде банктерді үстеме капиталдандыруға мемлекет пен акционерлердің ортақ қатысу схемасы іске асырылды. Мемлекеттік қолдау 653 миллиард теңге болды. Аталған банктердің акционерлері 421 миллиард теңгеге банктерді үстеме капиталдандыру бойынша және нашар кредиттерді 1,2 триллион теңгеден астам сомаға төмендетуге міндеттеме қабылдады. 665 миллиард теңге есептен шығарылды», — деп айтып берді қаржы реттеушісінің басшысы. Ақышевтың айтуы бойынша, бағдарлама іс жүзінде банктердің орнықтылығын арттырды және экономиканы кредиттеуді кеңейтуге айтарлықтай әсер етті. Экономикаға Казкоммерцбанкті қоса алғанда, үстеме капиталдандыру алған банктерге жаңа қарыздар беру 781 миллиард теңге болды. «Алайда, қолдау көрсету бағдарламалары елдегі қаржылық тұрақтылық үшін мәні бар ірі институттарды ғана қамтуға тиіс екендігін халықаралық тәжірибе растап отыр. Оның үстіне, мемлекеттен жеңілдетілген ресурстар ұсыну опциясы қаржы институттарының акционерлері арасында масылдық көңіл-күйді дамытуға жол бермеу мақсатында тек қысқа мерзімді сипатта болуға тиіс», — деді Ақышев. Ол мемлекеттің тұрақты қолдау желісі барлық банк үшін олардың банк жүйесіндегі рөлі мен мөлшеріне қарамастан мемлекеттен арзан ақша алуын ынталандыратынын айтып берді: «Біз ахуалы жалпы қаржы тұрақтылығына ешқандай қауіп төндірмейтін шағын банктер бағдарламаға қатысатынына сеніп отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан Ұлттық Банк Басқармасы 2018 жылғы 6 ақпанда Бағдарламаны ірі банктерді үстеме капиталдандыру бойынша шаралар бөлігінде іске асыруды аяқтауға шешім қабылдады. 2018 жылғы 7 ақпаннан бастап банктердің өтінімдерін қарау тоқтатылды, ал осы мерзімге дейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды». Бағдарламаның үшінші бағыты «Банктерді қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын іске асырғаннан кейін секторды орнықты дамыту шараларына көшеміз. Бірінші кезекте, бұл болашақта кредиттеу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану проблемаларына жол бермеу. Банктер тарапынан аса сақтықпен саясат жүргізу. Біз реттеуші провизиялар тетігін қалыпқа келтірдік. Банктердің жаңа № 9 қаржылық есептілік стандартына бейімделуі бойынша жұмыс жүргізудеміз. Екіншіден, Ұлттық Банктің қадағалау мандатын күшейту. Тәуекелі жоғары саясат жүргізетін банкке қатысты реттеушінің алдын ала ықпал ететін мүмкіндіктері болуға тиіс. Бұл тәуекелге бағдарланған қадағалау деп аталады. Ол банк секторында осындай проблемалардың қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүддесін қорғауды күшейтеді», — деді Ақышев. Ол bail-in тетігін заңнамалық бекіту арқылы банктің тәуекелдерін оның ірі кредиторлары арасында бөлу көзделетіндіктен, бұдан мемлекетке де пайда келетіні туралы атап өтті. Ол үшін Үкіметке енгізілген Ұлттық Банк туралы заңға және салалық заңнамаға түзетулерді жылдам қабылдау қажет. Ақышев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне түзетулерді жылдам қарауды қолдау туралы өтініш білдірді. Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.
Tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.