Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қыран-2018: Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі басталды
    Жаңалықтар

    Қыран-2018: Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.02.2018Updated:09.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

    Руxани жаңғыру аясында өтіп жатқан киелі жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қыран» федерациясының өкілдері және ұлттық спорт түрлерінің жанашырлары қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлады.

    «1988 жылы Алматының Орталық стадионында тұңғыш рет қазақ құсбегілерімен қатар, көршілес қырғыз, түрікмендер қатысқан Халықаралық Бүркітшілер фестивалі, ал 1989, 1990 жылдары Наурыз мейрамы аясында Алматы ипподромында бүркітшілердің республикалық сайысы өтіп еді. Содан бері, отыз жылға жуық мерзімде Алматы қаласының аспанында киелі Қыранның самғауын халқымыз тамашалаған жоқ. Міне, бүгін еліміздің он аймағынан Алматыға бақ сынасуға келген бүркітшілерге алғысымызды білдіреміз. Қанаттарыңыз талмай, биікке самғай беріңіздер», — деп тілек білдірді «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.

    Айтулы доданың басты мақсаты осынау жақсы үрдісті еліміздің мәдени, рухани ордасы – Алматы қаласында қайта жаңғыртып, қолға алу, биылдан бастап Қыран құс баптаушылардың жарысын өткізуді дәстүрге айналдыру.

    Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысуда.

    Бірінші іріктеу кезеңінде көрермендер құсты ат үстінен қолға шақыру, шырға тарту сияқты құсбегілер мен бүркіттердің керемет өнерін тамашалады. Ал жартылай финалда іріктелген бүркіттер шешуші кезеңде қоянға, түлкіге салынса, жарыстың екінші кезеңінде қаршыға мен ителгілер қолға шақырылады, көгершінге, қоянға жіберіледі.

    Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу жоқ, тіпті, 12 жастағы баладан 70 жастағы ақсақалдар да баптаған бүркіттерімен сынға түсті. Олардың ішінде ең жас құсбегінің бүркіті өзімен жасты.

    «Менің жасым 12-де, бүркітім де шамамен сол жаста, есімі Дауыл. Осындай республикалық сайысқа бірінші рет қатысып жатырмын. 8-9 жасымнан бастап құсбегілікпен айналысамын. Әкем бүркіт баптауды үйреткен, содан бері осы іске әуестене бастадым. Жалпы бүркітімді күнара таза, тұздалмаған етпен асыраймыз. Оқуыма бөгет болмайды, өйткені бос уақытымда айналысамын, негізі әкем бүркіт асырайды. Үйге олжамен ораламын деген ойдамын», — деп бөлісті Алматы облысының қатысушысы Ерсұлтан Жұмағұл.

    Республикалық турнирдің ақпанның 10-ы күні анықталады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Қыран» федерациясының атынан медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталады.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.