ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды», — делінген Ақорданың сайтында.
Сондай-ақ, Мирболат Хабиұлы Жақыповтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кеткені айтылады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz