Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады
    Жаңалықтар

    Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кездесу барысында Н.Әбдібеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Есеп комитетінің 2017 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл орган 354 нысанға 25 тексеру жүргізген. Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде қайтарылуға тиісті 307,3 миллиард теңгенің 198,5 миллиарды өтелгенін мәлімдеді.

    Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетіне «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң нормаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Сонымен қатар Қазақстан Президенті бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісіне Есеп комитеті тарапынан неғұрлым мұқият бағалау жүргізудің маңыздылығына тоқталып, заң бұзушылыққа жол бермеу үшін жүйелі шаралар қарастыру керек екенін айтты.

    Мемлекет басшысы Есеп комитетінің өңірдегі тексеру комиссияларының жұмысын үйлестіруде, сондай-ақ олардың қызметін жақсарту жөніндегі әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық актілерге және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.