Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың былтырғы есебінен: Индустрия және кәсіпкерлік…
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың былтырғы есебінен: Индустрия және кәсіпкерлік…

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің сайтында жарияланған облыс әкімі Ж.Түймебаевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі облыс халқы алдындағы есебінен «Индустрия және кәсіпкерлік» мәселесі бойынша үзіндіні сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

    Елбасы 2017 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында жаңа индустриялар құрумен қатар, дәстүрлі өнеркәсіптің басым салаларына ерекше көңіл бөлді. Мұнда бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту міндеттеріне баса назар аударылды.

    Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында және облыстың Индустриаландыру картасы аясында 2017-2020 жылдары жалпы 91 жоба, оның ішінде үстіміздегі жылда 20 жобаны жүргізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда:

    Инвестиция көлемі 580 млрд. теңгені құрайтын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және 5,5 млрд теңге инвестиция тартылатын «HILL Corporation» ЖШС-нің пайдаланған майларды регенерациялау көзделіп отыр.

    20 млрд теңгеге «Шымкент цемент» зауытын жаңғырту, 3,5 млрд теңгеге «Azala Fabric» ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісін кеңейту күтілуде. (2018 жылы).

    «Шымкент химия компаниясы» этил трет-бутилді эфирінің және полипропилен өндірісі (Инвестиция көлемі 19,8 млрд.теңге, іске асыру мерзімі 2019 ж.); «Standart Petroleum & Co» мұнай өңдеу зауыты салынатын болады. (Инвестиция көлемі 21,8 млрд.теңге, іске асыру мерзімі 2020 ж.)

    2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 1,1 трлн. теңгеге жеткізіп, орташа есеппен жыл сайын нақты көлем индексінің өсімі 2-3 % деңгейінде жоспарлануда. Жалпы облыс экономикасына 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылады.

    Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бұрынғыға қарағанда ұсынылатын шағын несие көлемі 18 млн. теңгеге дейін жеткізілді. Бұл несиенің берілу мерзімі Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларына 5 жыл, ал қалған шағын қалалар мен елді мекендерге 7жыл. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6 %-ды құрайды.

    Мемлекеттің тарапынан жаңадан кәсібін бастайтындар үшін несиенің 85%-на, әрекеттегілерге 50%-на дейін кепілдендіріледі.

    2017 жылы бұл бағытқа жалпы 3,1 млрд. теңге қарастырылып, 400-ге жуық жобалар қаржыландыру, мыңнан астам жұмыс орны құру жоспарлануда.

    Осы мүмкіндікті пайдалану үшін ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлер мен шаруашылығын кеңейтуді көздейтіндерді аталған бағдарламаға қатысуға шақырамын.

    Сонымен бірге «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлер үшін ұтымды бастаманы бастадық. Енді екінші деңгейдегі банктер арқылы қазынадан 1 млрд.теңге бюджеттік кредит бағытталып отыр. Яғни өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлерге 8,5 %-бен несие берілетін болады. (Нарықта 19%)

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.