Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді…
    Білім

    Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді…

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Осыдан тура бір жыл бұрын, ақпанның ақ боранында Қайрат Исламқұловтың жүрегінің дүрсілі тоқтаған болатын. Арада уақыт зымырап, тіршіліктің бойында қан жүріп тұр. Бірақ ортамызда ғұмырын ғылымға арнаған абзал азамат жоқ. ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге Украйнада білім алып, Мәскеу қаласында мықты білімімен талайды мойындатқан  марғасқаның есімі ұлықталар күн туды. Сенбі күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Б» корпусына шәкірттері, әріптестері мен туған-туыстары жиылып, профессор әрі ғалым туралы толғаулар айтып, елеулі еңбегін мадақтады.

    02

    Ғылым саласында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленген Исламқұлов тектінің жалғасы екенін әркез ісімен дәлелдеген ер. Әкесі Мұхаметқұл Исламқұлов екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, даңқты жолда жан тапсырған. Сол жауынгердің жалғыз тұяғы 200-дей ғылыми мақала жазып басы бейнет, соңы зейнет болған білімге ерекше үлес қосты. Шәкірттері мақтанарлық осындай ұстаздың беделі көтеріліп, есімі ел есінде қаларлықтай жағымды жаңалық жарқ етті. М.Әуезов атындағы университеттің Б корпусында ескерткіш тақтайша ашылып, 77 жыл өмір сүрген тау тұлға талайдың есінде үлгі болып қаларлық игі іс-шараға көпшілік куә болды.

    01

    Қайрат Исламқұловтың өмірбаянына көз салсаңыз бағындырған белестері аз емес. Есіміне байланысты қажыр-қайраты да мықты болған. Сондықтан жоғарғы оқу ордасы кейінгі буынға үлгі ретінде бір корпусқа есімін беріп, еңбек еткен лабораторияда даңқтарын жазып қойды. Дәл осы шараның соңы жылдық асқа ұласты. Қайрат Мұхаметқұлұлының көзін көрген талайлар жиылған аста мәнді әнгімелер айтылып, рухына құран бағышталды.

    «Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе, істеген заты қалар» деген мақалды дәл осы Қайрат Исламқұлов секілді ғибратты өмір сүргендерге айтылған дерсіз. Жаны мен қолының тазалығы әрептестерінің арасында аңыз болып, инемен құдық қазған еңбегі туралы бұл күні естеліктер көп айтылды. Жақсының есімі осылай жұрттың жадында сақталса, ғалымның қалдырған хаты ұрпақтың қолында қалып отыр.

     

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.