Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сталинград шайқасының жеңісіне — 75 жыл
    Жаңалықтар

    Сталинград шайқасының жеңісіне — 75 жыл

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ақпан айының екісі Сталинград шайқасының аяқталған күні. Қазақстанға ең жақын орналасқан майдан шебі Ұлы Отан соғысының тарихында басты шайқас болып жазылған. Неміс фашистері Сталинградқа 1942 жылдың шілдесінде шабуыл жасап, Кеңес әскерлері 1943 жылдың ақпанында азат етті. Содан бері арада 75 жыл өтіпті.

    79b967049862bb89e5b49b06876dfdff 00002501 20140430074548 ee88cee11a9042e7be8d4f1e8a166d14

     

     

     

     

     

     

     

     

    Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Оның ұзақтығы, қан төккен жауынгерлер саны мен әскери техникасы жағынан тарихтағы ұлы шайқастардың бәрінен де асып түседі. Елімізге ең жақын орналасқан Сталинград қаласына 1942-де шабуыл жасалғанда, Кеңес әскерлері табан тіресті. 200 күн мен түнге созылған шайқас 1943 жылдың 2-ші ақпаны күні Кеңес әскерлерінің Жеңісімен аяқталған еді. Қантөгіс көп болған қала бүгінде Волгоград деп аталады. Батыр қалаға «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы 2013 жылы арнайы барып, көрерменге тарихи қала туралы бағдарлама ұсынды. Арада екі жыл салып, 2015-тің наурыз айында тағы бір рет барып деректі фильм жасады. Оңтүстіктен барған бір топ делегация сол кезде Сталинград шайқасына қатысты ақпараттарды анықтап, соғыс болған жерлерде жүріп қайтты.

    Дәл осы Сталинград қаласын қорғағаны үшін  112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандықтар. Олар: ұшқыш Нүркен Әбдіров, полк командирі Тимофей Позолотин, взвод командирі Ғаяз Рамаев  және минометші Қарсыбай Сыпатаев. «Айғақ» телеарнасының басшысы бастаған шығармашылық топ бабалар қорғаған қаһарман қалаға барған сәтте Нүркен Әбдіров пен Қарсыбай Сыпатаев қаза тапқан жерде болып, тақтайша белгісін орнатып кеткен болатын. Волгоград қаласы батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтау үшін Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, алып ескерткішпен есте сақталып тұр. Бара қалсаңыз ержүрек ерлеріміздің есімін оқып, музейден тарихи деректерін көзбен көресіз.

    5719-mpg-still001

    Қазақстан мен Сталинград  шекарасының арасы 500 шақырым. Егер жау бұл қаланы басып алғанда, қауіп біздің елге де төнер еді. Бірақ кеңес Әскерлері бұл бассыздыққа жол бермей, еліміз бен жерімізді фашистің қаһарынан аман алып қалды. Сталинград шайқасындағы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Кеңес Одағы үшін соғысқан жауынгерлердің 1 миллионнан астамы осы қала түбінде қаза тапты. Ар мен намысты ту еткен батырлар рухына кейінгі буын біздер бас иіп, ерліктерін есте сақтаймыз!

    Бағлан Байкөбекқызы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.