Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ» — журналистік зерттеу: Жылуға негізсіз төлемақы дайындалғаны анықталды
    Жаңалықтар

    «Айғақ» — журналистік зерттеу: Жылуға негізсіз төлемақы дайындалғаны анықталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2018Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2017 жылы «Тұран» шағынауданынан баспаналы болған отбасылардың қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі, ондағы тұрғындар жылу қуатының төлемдерін өлшеуіш құралдың көрсеткішімен емес, жалпы есептеумен төлеуге мәжбүр. Ал бұл жағдай «қуат жылу орталығына тиімді, халыққа тиімсіз» дейді қапрапайым бұқара.  Бұл туралы арыз — шағымды тұрғындар «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіштің ұялы телефонына аудиожазба келіп түсті.  Телеарна басшысының тапсырмасымен журналистік зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында төмендегі мән-жайлар анықталды.

    07

    Өткен жылдың қазаны мен қарашасында «Нұрсәт» шағын ауданынан баспаналы болған 675 мемлекеттік қызметкерлермен бірге , бағы жанған жас отбасыларға да «Тұран» шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілтін облыс әкімі табыстаған болатын. Түймебаевтың қолынан пәтерінің кілтін алып, «төбесі көкке бір елі жетпей қалған» жас жанұяның бірі Сәтбаевтар. Су жаңа пәтердің егесі Асқар, алайда алаңдап отыр. Оған негіз де жоқ емес. Айдың соңында жылуға келетін коммуналдық төлемнің ғарыштық бағасы-проблема! Асқар Сәтбаев пайдаланылған жылуға теңгесін төлеуден қашпайды. Тек заң шеңберінде болса болғаны дейді.

    01

    «Жылуға келген түбіртек шаршы метрмен есептелген. Оның ішінде әлі келмей жатып, қараша айынын бастап та есептеп жіберген. Ал негізінде бізде мұнда арнайы өлшеуіш құралы тұр. Жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл экспонат па деп ойланып қаламын. Неге десеңіз, бізге осы құрылғымен есептемей, шаршы метрмен есептейді. Енді қай отбасының да болсын, артық жерде шашылып жатқан ақшасы жоқ кой. Біз енді талап етеміз,нақты жылу есептуіш құралмен есептесін! Айына он мыңнан келген, ал жылу есептеуіш құралмен келсесол сомманның тек жартысы ғана келеді», — деді «Тұран» шағын ауданының тұрғыны Асқар Сәтпаев.

    Осылайша ай сайын келетін коммуналдық төлемдер тұрандықтардың тыныш ұйқысын бұзған. Жылу түбіртегінің түрлі бағасына ашынған халық, тұтынылатын жылуды әр үйдің кіреберісіне бекітіліп қойылған өлшеуіш құралымен емес, пәтерлердің шаршы метрімен есептеу «Қуат Жылу Орталық-3» тиімді болып отыр дейді тұрғындар.

    «Біз де мынау көшіп келгеннен бастап счетчик көрсеткішін жазып алғанмын. Су, свет, жылу болсын! Сол өлшеуіш құралмен төлейміз. 28578 теңге келіпті айына. Дұрыс емес деп ойлаймын. Барып тұрған қалтаны қағу», — дейді Әлия Тастаева.

    02

    Қоныс тойын тойлап үлгермей,тоңып үлгергендер шикіліктің барлығын жауапты мекемелерден көреді. Үй құрылысын жүргізіп, тайып тұрған компания мен халықтың  артық көк теңгесі жоқ, қалтасына басын ауырта бермейтін жылу орталығының салдарынан осы күйдеміз дейді Тұрандықтар

    Бізде жертөледе өлшеуіш құрал бар. Ол мемлекеттің заңда қойып берген есептуіш құралы болып есептеледі. Ал оны Жылудағылар қабылдап алмадық дейді. Ал «Отау Строй» кезінде оны тапсырдық дейді. Әйтеуір екеуі бір-бріне жауып жатыр.

    03

    «Өткен жылдан бері күрмеуі қиын шаруаға айналған жылу төлемақысын «Қуат Жылу Орталық-3″ мамандары да растап отыр. Қазіргі таңда пәтерлердегі өлшеуіш құралары іске қосылмаған, өйткені техникалық құжаттары тапсырылмады деген, жылудағылар кінәлі құрылысты жүргізген мердігер компания  «Отау Строй» дейді. Жауапты мамандардың  сөзіне сенсек, тұрандықтардың түйіткілді мәселесі таяу арада шешіледі. Ол үшін мердігер де, жылу орталығы да бірлесіп ортақ күш салуда екен», — деді Бахыт Әлиасқаров.

    04

    «Ақаулар жертөледегі тепловой пункт бойынша. Жылу есептеуіш құралы бойынша да біраз ақау бар. Яғни, дұрыс қондырылмаған. Салдарынан, ол ертеңгі күні  төлемақыны дұрыс есептемейді . Қазір он күндік мерзім ішінде ретке келтіру туралы мәселе қозғадық. Компания тарапынан әр жертөлені тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақаулар анықталды. Жақын күндері  есептеуіш құралдардың кемшін тұстары дұрысталып, Тұран шағын ауданының тұрғындары сонымен төлейтін болады», — деді «Қуат жылу орталық — 3» МКК-ның бөлім басшысы Асқар Бөлешов.

    05

    Салтанатты түрде пәтер кілтін алаулатып-жалаулатып алғандар  өздеріне енді сабырлықты серік етуге мәжбүр. Сырты бүтін, іші түтін болған Тұрандағы үй басшылардың құрғақ сөзі болмаса, жақын күндері айы оңынан туады.

    «БАҚ өкілдерін пайдалана отырып мен  ОҚО әкімі Түймебаев мырзадан және Шымкент қаласының әкімі сұранамын! Осы мәселені тікелей өз назарына  ұстаса. Өйткені, бұл жердегі тұратындардың 80 пайызы жас отбасылар. Ал жас отбасыны білесіз, жағдайын… Үкімет, рахмет үй салып берді. Алайда біз оны тегін алған жоқпыз ғой. Қаржысын ай сайын қыруар қылып төлеп отырмыз. Мен өзім 80 мың төлеймін. Ар жағында осындай артық шығынмен коммуналдық төлемдерді төлесек, бала-шағаны қалай асыраймыз?!», — жуырда бағдарламамен жас шаңырақ иесі атанған Асқар Сәтбаев.

    Журналистік зерттеу өз жалғасын табады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.