Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов есеп берді
    Жаңалықтар

    Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ордабасы ауданының әкімі xалыққа есеп беріп жатыр. 2017 жылдың тамыздың төрті күні қызметке келген Рашид Қайыпжанов өткен жылдағы жұмыстарды саралап,  алдағы уақытттағы жоспармен бөлісті. Ордабасылық ағайын үшін маңызды жаңалық бар. 2018 жылдан бастап табиғи отын тартылмақ. Ең бірінші орталығы Темірлан ауылының тұрғындары бұл газдың қуанышын көреді. Осындай жаңалықпен бөліскен аудан әкімі баяндама соңында Елбасының Жолдауына қолдау білдіріп, тұрғындарға сәттілік тіледі.

    img-20180201-wa0014

    Жалпы ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2017 жыл қорытындысымен өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 62 млрд. 298 млн. 106 мың теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6 пайызға артқан. Аудан қазынасының да қаражаты артып, оның ішінде жергілікті кірістер 1 млрд. 641 млн. 842 мың теңге немесе 623 млн. 840 мың теңгеге артқан.

    2

    Аграрлық аймақтың биыл ауыл шаруашылық саласында 33 млрд. 718 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндірілген. Аудан көлемінде 55172 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып,тапсырма 103,7 пайызға орындалды. Суармалы жердің көлемін 800 гектарға ұлғайту тапсырмасы 900 гектарға ұлғайтылып 112,5 пайызға; Терең қопсыту технологиясы 8839 енгізіліп, меже 100,4 пайызға; Тамшылатып суару әдісі  776,8 гектарға қолданылып  тапсырма 110,9 пайызға орындалды. 16,05 гектарға жылыжай шаруашылығы салынып тапсырма 100,3 пайызға орындалды. Аудан көлемінде — 62 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, 1500 ден аса шаруаларды біріктіретін — 28 бірлік ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. Мал шаруашылығында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 9208 мал басы алынып, 282 бірлік  мал бордақылау алаңдары ашылып, 101 пайызға,  60 жанұялық сүт фермалары ашылып 126,7 пайызға орындалғандығы туралы есеп барысында аудан әкімі баяндады.

    9

    Ауданда өнеркәсіп саласында да ілгерілеушілік бар. Яғни, жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд. 354 млн. 806 мың теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  4,9 пайызға артқан. Ауданда 1 индустриялды, 1 өндірістік аймақ жұмыс істеуде.

    5

    Баяндамадан соң, жергілікті тұрғындар өздерінің пікірлерін білдіріп, мәселелерін айтты. Бұл туралы толығырақ «Айғақ» телеарнасының жаңалықтарынан көре аласыздар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.