Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Аудан әкімі ауыл әкімімен бірлесіп есеп берді
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Аудан әкімі ауыл әкімімен бірлесіп есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы жарлығына сәйкес барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жалғасуда. Осы орайда  Қазығұрт  ауданына қарасты Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі Оразалы Қазыбаев округ орталығы Рабат елді мекенінде 2017 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өз есебін қорытты. Ал осы есепті жиынға  қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев та  өткен жылдың жетістіктері мен шешімін тапқан мәселелерді айтып алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Мұнан өзге тұрғындардың талап-тілектері тыңдалған  басқосуда еңбегіне қарай ауыл  оуругі  және аудан әкімінің  жұмысына тұрғындар тарапынан тиісті баға беріліп  жатты.

    sequence-01-00_08_59_01-still001

    Қазығұрт ауданына қарасты Қ. Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі Оразалы Қазыбаев пен аудан басшысы  Төлеген Телғараевтың  2017  жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы есепті кездесулері Рабат елді мекеніндегі мәдениет үйінде өтті. Жиынға жергілікті  тұрғындар  мен ардагерлер,  аудандық әкімдікке қарасты бөлім басшылары және коммуналдық мекеме  қызметкерлері де қатысты. Ал алғаш болып  есепті баяндамасын  жасаған Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі құрамына 7 елді мекен қарайтын  15 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын округте өткен жылы жалпы 10 мың 580 гектардан астам егістік жерге астық егіліп, орташа есеппен бидайдың әр гектарынан 32 центнерден өнім алынған. Міне осының нәтижесінде ауыл округі астық түсімділігі бойынша аудан көлемінде 1 орынға ие болған.

    sequence-01-00_09_22_20-still004

    Қ.Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасынан соң аудан әкімі Төлеген Телғараев та Рабат елді мекені тұрғындарының алдында ауданда өткен жылы атқарылғапн жұмыстардың есебін қорытты. Ең алдымен Қазығұрт ауданының экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған  Төлеген Тұртайұлы   жергілікті бюджеттің көлемі артып, өнеркәсіп саласының өнімі де молайып отырғандығын жеткізді. Айтуынша негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын ауданда шарушылықтар мен ӨК-тер белсенді жұмыс жасап нәтижесінде былтыр бұл салада  31 млрд 641 млн тенгенің өнімі өндірілген. Жылыжай шаруашылығында да  да серпіліс бар. Айталық өткен жылы 29 гектар жылыжай  іске қосылып, ауданда оның жалпы көлемі 101 гектарға жеткен.  Ал астық жинаудан Қазығұрттық шаруалар әр гектардан орта есеппен 23 центнерден өнім алып облыс бойынша аудан-қалалар арасында көш басынан көрініп отыр.

    sequence-01-00_10_33_24-still005

    sequence-01-00_14_53_06-still007

    sequence-01-00_15_41_03-still008

    Сонымен бірге  елді мекендердің ішкі жолдарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша былтыр 600 млн тенгеден астам қаржыға  32 көше жөндеуден өткізілсе, биыл тағы бірнеше көше мен бірқатар елді мекендер жолын қалпына келтіру отыр. Сондай ақ ауданда электр жарығымен қамтамасыз ету, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша тындырымды тірліктер жасалған. Осылайша Қазығұрт  ауданында  өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат міндеттерге  тоқталған Төлеген Телғараевтың  есепті баяндамасынан соң мінбеге шығып сөз алған  жергілікті тұрғындар ауыл  округі мен  аудан әкімінің атқарған   жұмыстарын  оң бағалап жатты.

    Абай ОМАР

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.