Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте қолөнершілер курсы ашылды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте қолөнершілер курсы ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.01.2018Updated:18.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өңірде «Оңтүстік қолөнершісі» пилоттық жобасы қолға алынды. Енді әр қолөнер шеберіне шәкірт дайындағаны үшін ай-сайын 30 мың теңгеден төленетін болады. Аталған жоба аясында 300 қолөнершіні 3-айлық қысқа мерзімді оқыту да жоспарланып отыр. Елбасы «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтындығын атап өткен болатын. Сол себепті де ұлт дәстүрін ұрпаққа аманаттау біздің еншімізде.

    11Облыс әкімі мен қонақтар Бейсбековтер отбасының «Алтын Орда» галереясы жұмысымен танысты. Мұнда алаша, кілем, тері, зергерлік және керамика заттарымен қоса, тоқыма бұйымдарының жасалу процесіне куә болды. Аймақ басшысы биыл 7 мың адамға кәсіптік білім беруді қолға алып отырғандығын жеткізді. Соның ішінде ең маңыздысы «Оңтүстік қолөнершісі» курсы болмақ. Білім алушыға ай-сайын 16 759 теңгеден шәкірт ақы төленеді. Ал, ауыл-аймақтан келушілерге жол ақысы ретінде 9 620 теңге, баспана жалдап тұрулары үшін бөлек 12 025 теңге төленетін болады. Сондай-ақ, курсты үздік тәмамдаған 20 түлекке облыс әкімінің арнайы гранты ретінде 240 мың теңге тағайындап отырғандығын жеткізді.

    222Қазақ халқының қолөнері ықылым заманнан тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан бай қазына. Қолөнердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осындай мұрамызды өскелең ұрпаққа табыстау бұл аға буынның алдындағы мақсат.

    Кездесу барысында Болатбек Бейсбеков өңіріміздегі қолөнердің бүгінгі жай-жапсарын баяндап, «Қолөнер шеберлері орталығы» жобасын таныстырды. Айтуынша, бұл жоба отбасылық орталық болады деп ойлағанбыз. Дамыта келе бұл үлкен мемлекеттік маңызы бар жобаға айналған көрінеді. Мұнда келген әр турист жанға қажеттінің барлығын бір жерден табуларына мүмкіндік туады. Жоба алдағы уақытта қолдау тапса қолөнер шеберлерінің мәртебесі артып, салт-дәстүріміз жаңғыратыны сөзсіз.

    ol-ner

    Айта кетейік, облыста Қазақстан Қолөнершілер Одағының 23 мүшесі бар. Бүгінде алыс-жақын шетелдерде қазақ өнерін жоғары дейгейде насихаттап келеді. Салт-дәстүрі, тілі мен діні ұлттық болмысын жоғалтпаған елдің болашағы да баянды болмақ. Рухани құндылығымызды жоғалтпай, тиісінше дамыту бұл әрбір азаматтың өзіндік борышы.

    Балнұр ЖАНЫСБАЕВА

    Суреттер облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.