Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық штаб жетекшісі Берік Оспанов мәлімдеді. Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, штабтың күнтізбелік жоспары әзірленді, деген Берік Серікұлы көшбасшы партияның облыстағы сайлауалды штабы 30 қаңтарда құрылғанын жеткізді. Алдағы уақытта облыстық сайлауалды штабта 62, ал, аудандық, қалалық штабтарда 355 азамат пен өңірдегі сайлау учаскелерінде 3222 сенімді өкіл жұмыс жасамақ. Брифинг соңында штаб жетекшісі БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ
Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...










