Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қуандық Бишімбаев Елбасы мен халықтан кешірім сұрады
    Жаңалықтар

    Қуандық Бишімбаев Елбасы мен халықтан кешірім сұрады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қуандық Бишімбаев адвокатсыз «процестен тыс» болған кездесулер мен бетпе-бет келгенде күдіктілердің жылағаны туралы айтып берді

    Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта сөйлеген сөзінде, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен халқынан сенімді ақтамағаны үшін кешірім сұрады, сонымен қатар өзіне тағылған айыпқа байланысты бар шындықты жасырмай айтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    «Бұл қылмысқа қатысым жоқ екенін халқымызға, ең бастысы Қазақстан президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жеткізгім келеді. Кәсіби жетістіктерімнің бәріне сол кісінің арқасында ғана жеттім… Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Өзім танитын, жұмысқа шақырған адамдарым үмітімді ақтамады. Сол үшін жауаптымын. Менің сенімімді пайдаланғандарды билікке жақындаттым. Сол үшін мемлекет басшысы мен бүкіл халқымыздан кешірім сұраймын. Осындай жайтқа тап болғаныма қарамастан, президентке әбден берілген жан болып қала беремін», — деді Бишімбаев Астана қаласы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта.

    Процес барысында атап өткендей, ұсталған күннен бастап тергеу айыптау сипатында жүргізілгендіктен, бір жылдай тіс жарып, ештеңе айтпапты.

    3340

    «Видеоны көретін болсақ, кей күдіктілер менімен бетпе-бет келгенде жылап жіберді. Неге екенін түсінемін – шарасыздықтан, тергеу тарапынан көрген қысымнан мені тіпті танымаса да, маған қарсы мәлімет беруге мәжбүр болды. Бұл қысымды өзім де сезіндім», — деді Бишімбаев.

    Бишімбаевтың айтуынша, оны адвокатсыз процестен тыс кездесуге шақырып, барлық кінәні мойнына алуды ұсынғандар да болыпты.

    Сотталушы атап өткендей, құр сөзге бола, кісіні айыптап, түрмеге қамап қоюы мүмкін деп ешқашан ойламаған.

    «Сот барысында өздеріңіз көргендей, айыпталушылар айтқан сөздерін, деректерін жүз қайтара өзгертті. Бұл қылмыстарға ешқандай қатысым жоқ. Тергеу барысында жиналған материалдар бойынша да ештеңе айта алмаймын. Сот талқылауы кезінде қаражаттың қалай берілгенін зерттедік, мен сол жайында мәлімет беретін боламын», — деді экс-министр.

    Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы 28 желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика министрі болып Қуандық Бишімбаевтің орнына Тимур Сүйлейменов тағайындалды. Кейінірек Президент Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғанын хабарлады.  10 қаңтарда экс-министр пара алу кезінде ұсталып, 13 қаңтарда тұтқындалды.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.