Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі қандай?
    Жаңалықтар

    Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі қандай?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жыл басынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл соммасы мен жаза көлемі де өзгерді. Яғни жол ережесін бұзу жәйттері мен қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасағандар үшін биылғы жылдың айыппұл мөлшерлері қандай? Осыған орай ең жиі кездесетін әкімшілік айыппұл мен жаза түрлерінің 2016 жылғы мөлшерін ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Тастанбеков мәлім етті.  ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Тастанбеков көптеген айыппұлдар көлемі өткен жылғы мөлшерінде қалса, есесіне кейбір айыппұлдар соммасы біршама өсіп отыр екен. Бұл көбіне жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілеріне қатысты. Айталық белгіленген жылдамдықты сағатына 10-20 шақырым асырсаңыз 21 мың 210 тенге айыппұл төлейсіз. Ал жылдамдық сағатына 40 шақырымнан асса 63 мың 630 тенгеге көлеміндегі айыппұл салынады. Қауіпсіздік белбеуін тақпаған жағдайдағы айыппұл 10 мың 605 тенгені құрайды. Сондай-ақ, тыйым салынған жерден бұрылу немесе артпен жүрудің құны 21 мың 210 тенге шамасында. Десе де салынған айыппұлды 7 күн ішінде төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдікке ие бола аласыз. Яғни бір апта ішінде айыппұл төлеушілер тиісті сомманың жартысын төлеп құтыла алады. Осылай деген әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары салынған айыппұлдарды өндіру көрсеткіштері де жыл санап артып отырғандығын айтады. Мәселен 2014 жылы нақ осы әкімшілік айыппұлдар есебінен 1 млрд. 380 млн. тенге қазынаға түссе, 2015 жылы 252 мың 675 әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркеліп, 2 млрд. 315 млн. тенгенің айыппұлдары өндірілген. Сондай-ақ, Шымкент қаласында орнатылған жалпы саны 23 жылдамдық өлшеуші құралдар мен негізгі көше қиылыстарына орнатылған 11 зияткерлік бақылау жүйелерінің анықтауымен түскен айыппұлдар көлемі өткен жылы 830 млн тенгені құраған. Осылай деген Алмасхан Мамбетұлы жыл санап ОҚО-да жол көлік апаттарының азайып отырғандығын айтады. Мәселен, 2014 жылы өңір жолдарында 3370 жол апаты тіркеліп, 432 адам қаза тапса, 2015 жылы тіркелген жол апаттарыны саны 2251-ді құрап отыр.

    Абай ОМАР

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.