ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізіміне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиядан 19 адам кірді. «Үшінші мәселе бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізіміне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиялық тізімді бекіту туралы мәселе бойынша қаулы жобасын дауысқа саламын. Кім қолдайды? Кім қарсы? Қалыс қалғандар жоқ. Бірауыздан қабылданды», — деді Әли Бектаев дүйсенбі күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның кезектен тыс XII съезінде. Ол кандидаттардың 70%-ы өндірісте жұмыс жасағанын, аудан, министрлік, агенттік басшылары болғанын алға тартты. Сондай-ақ съезд делегаттары Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысу туралы шешім қабылдап, партияның сайлауалды «Ауылға дәстүрлерді қайтарамыз» атты бағдарламасын бекітті.
19 үміткерді ұсынған «Ауыл» партиясы кандидаттарының қатарында Оңтүстіктен «Оңтүстік-Батыс» мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының директоры Нұржан Әжіметов те бар.