Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жаңа жыл қарсаңында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды
    Жаңалықтар

    Жаңа жыл қарсаңында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.12.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жаңа жыд мерекесі қарсаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие алып кәсібін ашқан азаматтар да бұл күнгі шараға өздерінің өндіріп жатқан тауарларын ала келген. Жеңілдетілген бағада яғни базар нарқынан  20-30 пайыз төмен бағада саудаланған өнімдерді сатып алуға жиналған көпшіліктің де бұл күні қарасы қалың.  Мерекелік көңіл күйде концерттік бағдарламаларға ұласқан жәрмеңкені облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы аралап көрді.

    img-20171230-wa0041

    Бұл  күні  облысымыздың әрбір аудан қалаларынан жеткізілген жалпы мөлшері 270 тоннадан астам азық- түлік тауарлары Шымкент қаласының тұрғындары үшін жергілікті нарықтан  төмен бағада саудаланды. Мұндағы   ауыл шаруашылығы өнімдері арасында азық-түлік тауарларының түр- түрі бар. Оған қоса мемлекеттік бағдарламалар арқылы  өз кәсібін ашқан азаматтардың да тоқыма бұйымдарынан бастап жеңіл өнеркәсіп саласындағы заттары ұсынылған.   Осы ретте  жәрмеңкені арнайы аралап көрген ОҚО-ның  әкімі Жансейіт Түймебаев сатушылармен жүздесіп  мұндағы нарықты бағамдап көрді. Ал таңертеңмен жәрмеңкеге келіп арзандатылған бағада сатылған сапалы тауарларды  сатып алуға асыққан тұрғындардың қарасы қалың.

    img-20171230-wa0047

    Ағымдағы жыл Облыстың ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болды.  Яғни бұл саладағы жалпы өнім көлемі  497,8 млрд тенгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,7 млрд тенгеге жоғары. Ал шаруалар қауымының еселі еңбектері арқасында  1,3 млн  тонна бақша дақылдары  жиналса, 963 мың тонна көкөніс, 293 мың тонна картоп жиналған. Сондай-ақ ОҚО озық технологияларды қолдануда елімізде көш бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтері саны жөнінен де жоғары жетістікке жетіп отырған аймағымызда шаруалар үшін арнайы дайыдалған сүт қабылдау мал сою пункттерінің түрлі үлгілері де көрмеге ұсынылған. Ал «Оңтүстік» АИО арқылы осындай қондырғыға қол жеткізген кооперативтердің 50 пайыздық шығыны мемлекет тарапынан төленеді. Сондықтан бұл бірінші кезекте шаруалар үшін тиімді болып отыр.

    Жалпы бұл күнгі жәрмеңкеге барлық аудан қалалардан  60 тоннаға жуық ет өнімдері мен 5 тонна балық,  12 тонна шұжық 8 тонна сүт өнімдері содай ақ өзг де азық түлік тауарлары   әкелінген. Айталық аграрлы аймақтардың бірі саналатын Төлеби ауданының шаруалары  да бұл жәрмеңкеге қомақты үлес қосып алма қызанақ, және сүт өнімдерін ала келген. Яғни бірнеше ауыл округінен жинақталған сапалы өнімдер бұл күні арзандатылған бағада саудаланып жатты.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне негізінен ет өнімдерін әкеліп ұсынған Ордабасы ауданының сөрелерінде құс еттерінің де бірнеше түрі саудаланып жатты. Биыл шаруашылықтың түрлі бағыттары бойынша  еселі өнімге қол жеткізген аймақ дихандарының өнімін сатып алуға келген тұрғындардың саны молынан болды. Ал мерекелік шараға келген қонақтарды аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларымен көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.

    img-20171230-wa0036

    img-20171230-wa0050

    Бұл жәрмеңке жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылғандықтан мерекелік нақышта өтті. Шара концерттік бағдарламамен әрленіп, келген қонақтарға да ерекше әсер силады. Ал қолайлы бағда ұсынылған тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындары жәрмеңке ұйымдастырушыларын өз алғыстарын  білдіріп мерекелік құттықтауларын айтып жатты.

    Халыққа тиімділігі мол мұндай жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп отыруды ұсынған облыс әкімі бұл тұрғыда сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Ендігі жерде бұған дейін Қажымұқан стадионы аумағында әр аптаның сенбі күндері ұйымдастырылып келген жәрмеңке енді Әл-Фараби алаңында да тұрақты түрде  өз жалғасын табатын болады.

    Абай Омар

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.