• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

29.12.2017
0

Тауық жылы облысымыз толағай табыстарға кенелді. Экономикамыз дамып, жыл басынан бері 6553 пәтер 134 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп ел игілігіне берілді. Қоғамдағы сан-сала белгілі бір жетістікке жетіп спорт саласында да  өңір спортшылары 1454 медальды қанжығаларына байлады. Осындай жетістіктерге қол жеткізуге атсалысқан майталмандардың еңбегі еленді бүгін. Білім, мәдениет, спорт саласы бойынша топ жарғандар облыс әкімдігінің тарапынан зор қошеметке бөлініп, жыл үздігі атанды. Орыс драма театрында өткен салатантты шараға зиялы қауым өкілдері, аудан, қала басшылары қатысты.

4

40-қа жуық үздіктер марапатталған игі шарада өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қой жылындағы жеткен жетістіктерді саралап, облыс халқына ақжарма тілегін арнады.

6

«Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы жылдан жылға өркендеп өсіп келеді. Бұл Ұлт Көшбасшыы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының және барша қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің жемісі. Елбасымыз өзінің рухани жаңғыру жөніндегі бағдарламалық мақаласында «Бәсекелік қаблет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабылетімен айқындалады» деп атап көрсеткен болатын. Сіздер өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістеріңіздің өрісін кеңейте біліңіздер. Осы ізгі қасиеттеріңіздің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

0067ww-still001

Облыс басшысының жүрежарды лебізінен соң бірқатар азаматтарға  ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет» орденін және Облыстың «Құрметті азаматы» марапаты мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады.

Сонымен, ІІ дәржелі «Достық» орденімен «Собкор», «Рабат редакциясы» және «Дата» ЖШС-нің директоры Валентина Куликова, «Құрмет» орденімен «Иассы» консорциумыныңтөрағасы Үмбет Жүсіпбаев, «Облыстың Құрметті азаматы» атағымен Досым Сүлеев, Асылы Осман, Серікжан Сейтжанов, Өмірзақ Мелдеханов, Орынбай Дайырбековтер марапатталды. «Олысқа еңбек сіңіргені үшін медалінің иегерлері марапат төрінен көрінді.

Облыстың мәдениет және руханият, білім, денсаулық сақтау, туризм, спорт, құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық, көлік, сәулет және қала құрылысы, архив, әлеуметтік салаларының дамуына ерен үлес қосқан бірқатар мамандық иелері сан-саланың үздіктері атанды.

Атап айтар болсақ:

1) «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» — Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына;

2) «Жылдың үздік композиторы» — Мұхтар Құраловқа — композиторға, Шымкент каласы;

3) «Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы» — Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы «Қазына» би ансамбліне;

4) «Жылдың үздік әртісі» — Жамиля Наушабайқызы Бекмұрзаеваға — Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісіне;

5) «Жылдың үздік әншісі» — Кенжегүл Абдуллақызы Серікбаеваға —  Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әншісіне;

6) «Жылдың үздік ақыны» — Жарқынбек Абазбекұлы Наушабековке – Сарыағаш ауданы әкімдігінің «Сарыағаш аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының үйірме жетекшісіне;

7) «Жылдың үздік жазушысы» — Дулат Тұрантегіне — жазушыға, Созақ ауданы;

8) «Жылдың үздік журналисі» — Ерсұлтан Әмірбекке – «Nar Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «NAR TV» телеарнасының директорына;

9) «Жылдың үздік суретшісі» — Нұрлан Шилібайұлы Шилібаевқа —  «Қазақстан Республикасы суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы филиалының төрағасына;

10) «Жылдың үздік ғалымы» — Айжарқын Абдразаққызы Садықбековаға – «Шымкент Университеті» жеке мекемесінің аға оқытушысына, экономика ғылымдарының кандидатына;

11) «Жылдың үздік мектебі» — Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;

12) «Жылдың үздік колледжі» — Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «№5 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына;

13) «Жылдың үздік ұстазы» — Ғани Кенбайұлы Орынбасаровқа – Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Кентау қаласының №3 «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғаліміне;

14) «Жылдың үздік сынып жетекшісі» — Қуаныш Асылбекұлы Салибековке — Төлеби ауданы білім бөлімінің «Алатау» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сынып жетекшісіне;

15) «Жылдың үздік тәлімгері» — Арман Шымбайұлы Орынбековке – Шымкент қаласы білім бөлімінің «№90 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына;

16) «Жылдың үздік тәрбиешісі» — Дамира Амирханқызы Маделхановаға – Отырар ауданы білім бөлімінің «Балдаурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісіне;

17) «Жылдың үздік медицина мекемесі» — Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Шымкент қалалық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына;

18) «Жылдың үздік дәрігері» — Гүлнара Тлегенқызы Әлменоваға — Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бөлімше меңгерушісіне;

19) «Жылдың үздік санитарлық дәрігері» — Марат Мұхтарұлы Байтугеловке – «Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына;

20) «Жылдың үздік орта буын медицина қызметкері» — Ерболат Мырзаханұлы Тұрысбековке — Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  орта буын медицина қызметкеріне;

21) «Жылдың үздік туристік ұйымы» — «Zeta tour» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Шымкент  қаласы;

22) «Жылдың үздік спорт мекемесі» — Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына;

23) «Жылдың үздік спортшысы» — Қайрат Құттыбайұлы Ералиевке — Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының спортшысына;

24) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» — Мырзағали Құланұлы Айтжановқа — Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушысына;

25) «Жылдың үздік құрылыс мекемесі» — «Три А+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Шымкент қаласы;

26) «Жылдың үздік құрылысшысы» — Саидрасулхан Акбарханұлы  Ералиевке — «РСУ-1»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасарына, Сайрам ауданы;

27) «Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» — «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Шымкент қаласы;

28) «Жылдың үздік жол құрылысшысы» — Жанполат Ниязұлы Эрмуратовқа — «Лидер НК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңдірістік-техникалық бөлім басшысына, Сарыағаш ауданы;

29) «Жылдың үздік энергетигі» — Нұрғали Қаналбайұлы Сейілбековке — «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалалық электр желісінің Еңбекші учаскесінің бастығына, Шымкент қаласы;

30) «Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» — Жабай Лесбайұлы Шиндалиевке — «Мақтарал ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына;

31) «Жылдың үздік ауылы» — Созақ ауданының Шолаққорған ауылына;

32) «Жылдың үздік ауласы» — Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округінің Қызылқия елді мекені Д.Болыс көшесінің №56 үйдің ауласына;

33) «Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны» — «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Түркістан қаласы;

34) «Жылдың үздік жүргізушісі» — Ханалы Биналиұлы Ахметовке — «Қасиет Транзит Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісіне, Шымкент қаласы;

35) «Жылдың үздік сәулетшісі» — Қуаныш Қабылбекұлы Асановқа – «Конструктор-80» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженеріне, Шымкент қаласы;

36) «Жылдың үздік жас сәулетшісі» — Ринат Рахмеевке – «RA проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас сәулетшісіне, Шымкент қаласы;

37) «Жылдың үздік архивисі» — Елена Владимировна Тимофееваға – Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының «Шымкент өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қойма меңгерушісіне;

38) «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» — Айман Бектібайқызы Ынтымаховаға — «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкеріне;

39) «Жылдың үздік қамқоршысы» — Мұхтар Жүрсінбекұлы Ділдабаевқа — Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасарына табысталады.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай өткізілген «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалінде үздіктігімен танылған жеңімпаз аудандарға  автокөлік кілті мен өзге де бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлде Төлеби ауданына бұйырып «Газель» автокөлігін иемденді.

Марапаттау шарасының соңы әуелеген әсем ән мен мың бұралған биге ұласты.

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.