Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте шырша шамы жанды
    Жаңалықтар

    Шымкентте шырша шамы жанды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.12.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Шымкент қаласында салтанатты түрде жаңа жылдық бас шырша шамы жағылды. Әл-Фараби алаңында орнатылған шырша шамын облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Н.Сауранбаев жақты.  Шымкенттіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған кеште облыс әкімі көпшілікті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

    «Жаңа жыл – әр отбасына жылулық әкелетін, көңілге үміт пен сенім ұялатып, шапағат пен шаттық, мейірім мен ізгілік сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке! Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін ерекше мерзім»,-деді әкім.

    18 метр биіктіктен тұратын шырша шамамен 200 дана әдемі ілмектер мен 1800 метр жарқылдаған шамдармен безендірілді.

    Шараға жиналған жұртшылық жаңа жылдың сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар және ертегі кейіпкерлерінің көрінісін көріп, мерекелік бағдарламадан бөлек отшашуды тамашалады. Жыл сайынғы дәстүрге сай жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатылып отыр.

    Жаңа жылдық шыршалар қаланың үш жерінде – Әл-Фараби алаңында, Ш.Қалдаяқов аллеясында және «Нұрсат» мөлтек ауданындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылды. Шырша шамын жағу рәсіміне жүздеген қала тұрғындары қатысты.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.