Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлемдік көшбасшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Әлемдік көшбасшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
    Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшісінен құттықтау жеделхаттар келіп түсті.
    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған жеделхатында: «Сіз үшін осы ерекше күні мен еліңіздің Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту жəне баршамыз үшін бейбітшілікті, даму мен адам құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ күш-жігерімізді ілгерілету ісіне белсенді атсалысатынына жəне ықпал ететініне сенімдімін», — деп жазған.
    Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің құттықтау жеделхатында: «Дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі ширек ғасыр ішінде елдеріміздің арасындағы саяси, экономикалық, қоғамдық жəне мəдени байланыстар көп салалы әрі серпінді даму жолына түсті. Германия алдағы уақытта да демократия мен заң үстемдігін нығайту ісінде Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала бермек», — деп атап өткен.
    Канаданың Генерал-губернаторы Жули Пайетт өзінің құттықтау хатында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау бастамасына қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің бітімгершілік күш-жігері мен өңірді əрі қарай дамыту үшін қолға алып жатқан шаралары жөнінде айтқан.
    Өзінің жеделхатында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы əрі қарай да одақтастық пен стратегиялық серіктестік рухында нығайып, дами беретініне сенім білдірген.
    Сондай-ақ, Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тілеген жеделхаттарды Жапония Императоры Акихито, Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб, Австрия Республикасының Президенті Александр Ван дер Беллен, Мексика Президенті Энрике Пенья Ньето, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің жəне Министрлер кеңесінің Төрағасы Рауль Кастро Рус жолдаған.Дереккөз: inform.kz     Фото: zharar

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.