Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес жер телімдерін ұзақ мерзімді пайдалануға болады. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында туристік және демалу қызметін жүзеге асыру үшін туризм объектілерін салуға арнайы учаскелерде 49 жылға дейін жұмыс жасауға тендр өткізілмек. Бұл турасында сала мамандары қатысқан жиында белгілі болды. Мәселен, «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне қарасты 3 ауданнан берілгелі жатқан туристік аймақ болашақта демалушылардың нағыз ордасы болары сөзсіз. Сол арқылы арнайы лагерьлерді ұйымдастырып қана қоймай, сәулеттік жобаларыңызды жүзеге асырып, демалыс аймақтарының негізін қалай аласыз. Экологиялық туризмді дамыту еліміз үшін қажет дүние.
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА
Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...










