2017 жылы 11 желтоқсанда өткен кезекті сессияда ОҚО қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары бекітілді.
Аталған қағидада төмендегі мәселелері реттелген:
Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету;
Аумақтарды жинауды ұйымдастыру;
Қалдықтарды жинау және шығару
Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру;
Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау;
Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау;
Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік.
Облыстың, аудан, қала, ауыл, кент әкімдері, мемлекеттік мекеме және ұйымдардың басшылары, жеке және заңды тұлғалар осы қағида талаптарын орындауы міндетті. Егер осы қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Қағидаға сәйкес вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлігі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екі құтыдан орнатылады.
«Айғақ-ақпарат».