Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі жаңадан тағайындалған ІІД басшысына сәттілік тіледі
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі жаңадан тағайындалған ІІД басшысына сәттілік тіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы келді. Жаңа басшыны таныстыру рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, оның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

    «Оңтүстік Қазақстан облысы халық саны жағынан алғанда көш басындағы өңір. Тұрғындары көп аймақта жұмыс та көп болады. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ішкі істер саласында жинаған тәжірибеңіз бен біліміңізге сүйене отырып, өзіңізге жүктелген міндеттерді зор абыроймен атқаруыңызға тілектеспін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков  1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында ракеталық бөлімде әскери борышын өтеген.  1985 жылы Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер Министрлігінің жоғары мектебін бітіріп, 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған. 1994 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ,  ол   Мақтарал ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, Кентау қалалық ІІБ бастығы,  2009 жылы қаңтар – мамыр айларында ОҚО ІІД бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.  2013 жылдан бері Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығының қызметін атқарып келді.

    Айта кетейік, осыған дейін ОҚО ІІД бастығы болған Жанат Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.