Тәуелсіздік күніне орай Төлеби ауданында 60 пәтерлі 5 қабатты жаңа 8 тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан халқының қуанышымен ортақтасуға ОҚО әкімі Ж.Түймебаев арнайы келіп, өз құттықтауын жеткізді.
Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында өткен жылы құрылысы басталған тұрғын үйдің құрылысына мемлекет қазынасынан 2 735 406 мың теңге бөлінген.
Араға бір жыл салып, құрылысы біткен зәулім үйлердің кілтін баспана иелеріне облыс әкімі арнайы табыстады.
Мереке қарсаңында баспанаға қол жеткізген жанның бірі — Жанар Алипбаева. Ұзақ жылдар тұрғын үй кезегінде тұрған жанның бүгінгі қуанышында шек жоқ.
«Айғақ-ақпарат».