Шымкент қаласы тағы бір білім ұясымен толығады. Жуырда ғана құрылысы аяқталып, бой көтерген № 130 жалпы орта мектебіне бүгін директор тағайындалды. Яғни, 11 желтоқсан күні қала әкімі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев төрағалық еткен комиссия құрамы 12 үміткерді жеке-жеке қабылдады. Конкурсқа қатысушылар сұрақ-жауап кезеңінен өтіп, бақ сынасты. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен бұл қызметке енді Нұрлан Бахадүрұлы Мырзатаев кіріседі.
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. 1 қыркүйекте басталған науқан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Осы кезеңде қаладан 18 бен 27...










