Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бүгін Жансейіт Түймебаев қандай нысандарды аралайды
    Жаңалықтар

    Бүгін Жансейіт Түймебаев қандай нысандарды аралайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.12.2017Updated:12.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев іс — жоспарына байланысты Төлеби ауданында орналасқан қызмет жасайтын нысандардың жұмысымен танысады.

    Атап айтқанда, Ақтас ауылындағы саумалмен емдейтін «Ақкен-Саумал» емдік-сауықтыру орталығының ашылуына қатысады.  Аталған орталықты жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен салған. 50 орындық орталықта саумалмен емдеу, минералды ванналар, тұзды бөлме, фин моншасы, массаж, биоптрон жарық терапиясы, жабық бассейн, атпен серуендеу, ұлттық тағамдар бар.

    Мұнан кейін, «Ғайып ерен қырық шілтен» қайырымдылық қорының жұмысымен танысады деп күтілуде.

    Облыс әкімі табан тірейтін келесі бір орын «Леңгір құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Киелітас  ауылдық округінде орналасқан кәсіпорын жылына 960 тонна ет өндіреді. 2,566 гектар жерді алып жатқан нысанда 45 адам жұмыс жасайды.

    Мұнан кейін, Жансейіт Түймебаев Леңгір қаласындағы «Янгуан» жиһаз шығару цехына аялдайды. 2016 жылы сәуір айында іске қосылған цех құрылысына 100 млн. теңге жұмсалған. Қуаттылығы 1 айда 500 дана орындық жасап шығарады.

    Сонымен қатар,  аймақ басшысы Леңгір қаласындағы 5 қабатты 8 тұрғын үйдің  пәтерлерін кезекте тұрған аудан тұрғындарына кілтін тапсырады.

    Әкім іс-сапарының соңғы нысаны Аққұм ауылындағы мал бордақылау орны болмақ. Аққұм ауылында орналасқан «Тұмар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы — Әли Мұхит Оралбайұлы. 19,8 гектар жерді алып жатқан алаңда күніне 100-ге жуық ірі мал сойылады. АИО «Оңтүстік» -53 млн. ҚазАгро – 53 млн. Жалпы 106 млн. теңге несие алып, бүгінде жұмыстар жүйелі жүруде.

    «Айғақ-ақпарат».

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.