Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Әр науқастың жеке мүдделері ескерілуі керек — Біртанов
    Денсаулық

    Әр науқастың жеке мүдделері ескерілуі керек — Біртанов

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда науқастарды емдеудегі дәстүрлі схемалық тәсіл жойылып, әр пациентті жеке емдеу тәсілі қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы патронаж бойынша пилоттық бағдарлама нәтижелеріне арналған конференцияда мәлім етті.

    «Бағдарламада бастауыш мекемелерді ары қарай жаңғырту пациентке бейімделген модель негізінде жүргізілетінін баса көрсеттік. Яғни, бәріне арналған әмбебап, дәстүрлі, схемалық тәсілден әр науқастың жеке мүдделерін, отбасын, ерекшеліктері мен өмір салтын ескеретін жұмыс үлгісіне көшуіміз қажет. Дәл осындай технологияларды серіктестерімізбен бірігіп жасап жатырмыз», — деді министр.

    Сонымен бірге, Біртанов өлім-жітімнің азайғанын атап өтіп, бірқатар ауру түрлері бойынша науқастар санының көбейгенін баса айтты.

    «Көптеген шараларды өлім-жітім көрсеткіштері бойынша бағалаймыз және көптеген көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізудеміз. Негізгі аурулар бойынша өлім-жітім азайып келеді, әлеуметтік есеп бойынша, ана мен бала, туберкулез өлімдері де айтарлықтай төмендеді. Дегенмен, аурудың алдын алу мәселелері назардан тыс қалып, кейбір маңызды сырқаттар бойынша науқастар саны артып келеді. Мәселен, ересектер арасында жүрек-қан тамыр аурулары көп таралған. Тыныс алу мүшелері дерттерінің де көбейгенін көзге ілмедік. Өкпе ауруларына шалдыққандар саны жүрек-қан тамыр аурулары науқастарынан 2-3 есе көп. Балалар өлімі көрсеткіші азайып келеді, бұл жақсы, бірақ 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы аурулар мен жарақат алу жағдайлары жиілеп кетті. Демек, мемлекеттік бағдарлама аясында аурудан сақтандыру-алдын алу бағытына көңіл бөлгеніміз жөн», — деді Елжан Біртанов.

    Айта кетейік, 2015 жылы ЮНИСЕФ пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізген патронаж қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жоба нәтижесінде Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы балалар өлімі айтарлықтай азайды. Екі жылға жуық уақыт ішінде қос өңірдегі патронаж қызметтеріне жалпы қанағаттану деңгейі 14%-ға өскен. Денсаулыққа қауіп төндіретін үш үрейлі белгіден хабардар жүкті әйелдер саны 63%-ға артқан. Емдеуге болатын сырқаттардан, жарақаттардан туындайтын балалар өлімі азайған және тек ана сүтімен тамақтанатын жаңа туған нәрестелер үлесі 14%-ға көбейген.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.