Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды
    Жаңалықтар

    Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
    «Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады», — делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.

    Еске салайық, 2016 жылы 25 сәуірде Жақып Асанов Қазақстанның Бас прокуроры болып тағайындалған еді. Оған дейін ол ҚР Бас прокурорының орынбасары болған. Асанов Жақып Қажманұлы 17.08.63 жылы Қызылорда қаласында туылған. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған, сосын Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына машықтанушы (стажер) болып еңбек өтілін бастаған. Жарты жылдан кейін Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып тағайындалады. 1986-1993 жылдар аралығында Қызылорда облысының прокуратура органдарында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураның бөлім бастығы қызметтерін атқарады. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратына Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметіне ауысып, 4 айдан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие саласындағы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 1995 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің кеңесшісі қызметіне ауысып, бір жылдан кейін осы бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалады. 1996- 1997 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады. Кейіннен, 1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратына Бас прокурордың аға көмекшісі — Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары болып қайта оралады. Бір жылдан кейін басқарма бастығы, одан кейін Бас прокуратураның Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2001 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне кіріседі, ал 2002 жылдың ақпан айынан 2003 жылдың маусым айына дейін — Павлодар облысының прокуроры, одан соң екі жыл Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі қызметін атқарады. Қазақстан жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, ал 2006 жылдың наурыз айынан 2007 жылдың 1 қыркүйегіне дейін — «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның президенті және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған және «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» атағының иегері.

    Тengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.