Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы шетелдегі 12,5 миллиард долларды елге қайтаруды талап етті
    Жаңалықтар

    Елбасы шетелдегі 12,5 миллиард долларды елге қайтаруды талап етті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кеше Индустриализация күніне орай өткен жиында Елбасы қаржысын шетелде ұстайтын компанияларды сынап, 18 отандық компанияның 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отырғанын, ол ақшаны дереу елге қайтару керектігін айтты, — деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке отандық компаниялардың қаржысын шетелден қайтару туралы тапсырма бере отырып:  «18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. «Теңізшевройл» — 4,5 миллиард доллар. «ҚазМұнайГаз» — үш миллиард доллар. «РД «ҚазМұнайГаз» — екі миллиард доллар. «Азиялық газ құбыры» — миллиард доллардан аса. «Бейнеу — Шымкент» газ құбыры — 100 миллион. Осылай кете береді», — деді.

    «Қазіргі күні заңдар құбылып тұрған кезде арғы жақта ұстайтын ақшаларыңыздан айырылып қаласыздар. Санкция кезінде сіздерге ешкім көмектеспейтінін көріп отырған жоқсыздар ма. Ақшаларыңызды қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар. Қандай кепілдік керек — заңмен, жарлықпен ба? Оны жасаймын. Егер осыны орындамасаңыздар, онда біз өзіміз кірісеміз, сосын өкініп жүрмеңіздер» деді Назарбаев.

    Назарбаевтың сөзінше, мемлекет қарамағындағы компаниялар шетелдегі қаржы көлемін жарты жылда екі жүз миллионнан алты миллиард долларға дейін арттырған.  «Үкіметке акционер ретінде тапсырамын. Шешіңіздер, маған баяндаңыздар. Әрқайсымен сөйлесеміз», — деді президент премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.

    «Біз қаржыларыңызды тартып аламыз немесе бірдеңе істеп қоямыз дедік пе? Егер қайтармасаңыздар, ескертейін, өзіміз айналысамыз. Бірақ ол кезде сіздер болмайсыздар. Мемлекет осы қаржыны табуға жағдай жасап отыр ғой, ал сіздер Қазақстан ақшасын үкіметтен жасырып отырсыздар ма? Жетер», — деп түйіндеді Назарбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.