Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан Өзбекстанмен шекарадағы жолдар мен көпірлерді кеңейтеді
    Жаңалықтар

    Қазақстан Өзбекстанмен шекарадағы жолдар мен көпірлерді кеңейтеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пункттері арасындағы жолдар мен көпірлерді кеңейтеді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлім етті.

    «Қазіргі таңда «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» кеден бекеттерін тәулік бойы жұмыс кестесіне көшіріп, шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуді жылдамдатуға қол жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, өткізу пункттері арасындағы жолдар мен көпірлерді кеңейтіп, жеке тұлғаларға шекарадан өтуге ыңғайлы жағдай жасайтын боламыз. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 554 млн АҚШ долларын құрады», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

    Сонымен қатар, облыс орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан делегациясының екіжақты келісіміне сәйкес, «Атамекен» кеден бекетінің «Сырдарья» және «Целинный» өткізу пункттері ашылып отыр.

    Департамент басшысының айтуынша, облыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру» пилоттық жобасы іске асырылуда. «Жаңа жүйенің енгізілуі — тапсыратын құжаттардың азаюына, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді. Пилоттық жобаның аясында «Астана-1» ақпараттық жаңа жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған жүйе барлық кеден бекеттеріне орнатылып, бүгінгі таңда 6 мыңға жуық транзиттік декларация рәсімделген», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

    Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 557 143 автокөлік тіркелген. Салық кодексіне сәйкес, 59 265 автокөлік иелерінде жеңілдік бар. Қазіргі таңда облыс көлемінде төленбеген көлік салығын өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

    Дереккөз: inform.kz

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.